Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Карантин немістерге шетелде емес, Германияда демалуды үйретті

155

Маусым айында Германияда 29 бағыт бойынша әуе бағыты жаңартылады. Олардың ішінде Грекия да бар. Олар 15 маусымнан бастап әуе жолдарын ашты. Германия азаматтары Афины және Салоникке, ал екі аптадан кейін басқа аймақтар да қолжетімді болады. Грецияға кіре алатын елдердің тізіміне Франция, Италия, АҚШ, Польша, Ресей, Туркия; Швеция, Нидерланды және Канада кірген жоқ. Бұл елдердің азаматтарышекарада коронавирусқа тест тапсырып, 14 күндік карантиннен өтіп қана ел аумағына кіре алады.

Немістер енді асығыс шешім қабылдамайды

Менің Германиядағы құрбым Светлана Фельде басқа көптеген немістер секілді өзінің демалысын бір жыл бұрын жоспарлайды.  Қаңтар айында жазда қайда баратынын біліп отырады.

— Светалана, биыл қандай жоспарларың орындалмады? Әуе билеттерінің ақшасын қайтарып беретініне кепілдік бар ма?

— Коронавирус, немістердің жоспарлауға деген құштарлығына соққы болды. Негізінде барлығы жоспарлағандай болмауы мүмкін, бұл тым тәуекелді іс.

Сондықтан немістер әзірге ешнәрсені жоспарламайды, барлығы бір сәтте шешіледі. Бұл халықтың қазіргі жағдайдан түйгені.

Менің әріптесім қазан айында Вьетнамға қымбат және ұзақ уақытқа саяхатқа шығуды жоспарланған болатын. Ол бәрі ойға алғанындай болады деп үміттенеді.

Мен тамыз айында Грецияда теңізге бір апта демала аламын деп үміттенемін, сапарымды бір жыл бұрын жоспарлаған едім. Анаммен бірге барамын. Оның жасы  жетпісте және әзірше осы жастағы адамдарға басқа елге ұшуға ерекше рұқсат беріле ме, жоқ па түсініксіз.

Коронавирусқа тест тапсыруға міндетті ме, ол да белгісіз.  Солай болғанның өзінде ол біздің медициналық сақтандырудан төлене ме? Егер төленбейтін болса, тесттің бағасы қанша болады?

Сақтықпен армандауға тура келді

— Сұрақтар өте көп. Шынымды айтайын, тест тапсыру үшін сонша ақша төлегім келмейді. Грецияға дейін және кері билетті біз бірнеше ай бұрын 450 евроға сатып алғанбыз. 200 евроға тест тапсыру  тым қымбатқа шығады. Бұл жай ғана жалған ақпарат деп білемін.

Көп жылдан бері алғаш рет, қазан айында қайда барарымды білмеймін.

Осы айда менің демалысымның соңғы бөлігін алуым керек. Әдетте қаңтар айында барлығын сатып алып, ақшасын төлеп, қайда баратынымды біліп отыратынмын. Грецияның өзі нақты болмай отыр.

Біз барлығымыз арманымызға сақтықпен қарайтын болдық, сондықтан демалысқа сонша ақша салып, кейін ешқайда бармай қалғаннан қорқамыз

және кейіннен айлар бойы ақшаның қайтарылуын да күткіміз келмейді.

Менің балам сондай жағдайға тап болды. Ол наурыз айында достарымен Таиландқа бармақшы еді. Бірнеше қалада болып, жағалауда демаламыз деген. Бағасы әр адамға 2 мың еуроға жуық сома шықты. Бара алмағандары түсінікті.

Қазір маусым болды, ақшаларын қашан қайтаратыны түсініксіз. Сондықтан, мен қазан айында демалысыма бір апта қалғанда арзандау және қолжетімді жерге билет аламын деп шештім.

Ел ішінде велосипедпен серуендеу

— Бүгінде Қазақстан ішкі туризмді дамытуға тырысуда. Ол немістердің арасында қаншалықты сұранысқа ие?

— Бұрындары да танымал болған, биыл бұрынғыдан бетер сұраныс артты. Біздің елімізде көптеген қызықты жерлер бар, мысалы Солтүстік теңізде демалу. Бірақ әркім өзі үшін шешім қабылдайды.

Қазір барлық дайын саяхаттар, мысалы Түркияға ұшу және ондағы қонақ үй өткен жылға қарағанда 26%-ға арзанырақ. Мен 600 еуроға бір апта Туркияда демалғанды жөн көремін, бұл сомаға маған керектің барлығы кіреді. Ал егер осы сомаға Германияда бес күн демалсам, тек таңғы және кешкі ас кіреді.

Бірақ барлығы бірдей бұндай ойда емес.

Менің достарымның басым көпшілігі өздерінің ешқайда бармайтынын және инфекциядан қорқатынын айтты

Көптеген немістер шынымен де ел ішінде демалғанды жөн көреді.

Атап айтқанда,

спортклубтар мен бассейндер карантинге жабылған уақытта велосипедпен саяхаттаушылар көбейді

Менің баламның достары да маусым айының соңында велосипедпен Мозель өзенінің алқабына саяхатқа барады. Олар шағын үйді жалға алды.

Германиялақ велосипед одағы жазда бірнеше күнге созалатын велосипедпен серуендеу жазда танымал болады дейді. Бізде белсені демалысты жақсы көретін адамдарға арналған бағыттар аз емес. Мысалы Эльба өзенінің бойымен немесе Ара алқабындағы серуен. Табиғаты тамаша Айфель таулы аймағынанан басталатын Ара велобағыты да бар.

Неміс сарапшыларының пікірінше, биыл жаяу серуендеудің де танымалдығы артады. Мысалы, жүз шақырымға созылатын Суретшілер соқпағын көптеген адам жақсы көреді.

Германияда автокөлікпен саяхаттау да сұранысы жоғары. Ел ішінде көптеген туристік бағыт бар. Мысалы Балтық өзенінен Боден өзеніне дейін созылатын, ұзындығы 3 мың км жуық бүтін бір жол желісі бар.

Егер менің автокөлігім болса, мен

Баварияның таңғаларлық таулы ландшафтарының арасындағы 500 киллометрге созылатын неміс альпілік жолымен жүріп өтер едім

Германиядағы турбизнес миллиардтаған еуро жоғалтты

Светлананың айтуынша, неміс турфирмалары пандемичның кесірінен көп зардап шекті.

— Бүгінде турбизнес өкілдерінің 70%-ға жуығы толық емес жұмыс күні бойынша жәрдемақы алады. Турбизнестің миллионға жуық адамы жұмыссыз қалады деген мәлімет бар.

Федералды неміс туристік индустрия бірлестігі төрағасы Михаэл Френцелдің айтуынша,

Германияның турістік индустриясы маусым айының ортасына дейін 11 млрд еуро қаржы жоғалтады

Сонымен қатар, клиенттер бара алмай қалған сапарларының шығынын өтеуді талап етуде. Бұл тағы 4 млрд еуро.

Германияның туристік секторы 3 миллионға жуық жұмыс орнын құрады.

Елде толық емес жұмыс күніне шамамен 11 млн адам көшірілген

Светлана Фельденің пікірінше, ФГР үкіметі жаппай жұмыстан шығарылуды болдырмай, адамдардың  жұмыс орнын сақтап қалу үшін қолдан келгеннің барлығын жасады. Соның ішінде, туристік индустрия да бар.

— Қазынаға кейін барлығына жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлегенше,  жалдамалы жұмысшылардың тұрақты табысын сақтап қалу тиімдірек болды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз