Нұр-Сұлтан
Қазір
-7
Ертең
-12
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

«Тосқауыл бекеттеріндегі жемқорлық туралы менің Facebook-тегі парақшама жазыңыздар» – Алматының бас полицейі

167
Қанат Таймерденов (оң жақта) және Василий Шупейкин («К ответу» бағдарламасы)

Тосқауыл бекеттері мен пара туралы

Карантин біздің жұмысымызға өзгерістер алып келді. Біз алғаш рет тосқауыл бекеттерін орнатып, қалаларды жаптық.

Полиция тарапынан сыбайлас жемқорлық сипатындағы заңсыз әрекеттер болған жоқ. Тәртіптік комиссия БАҚ пен әлеуметтік желілердегі тосқауыл бекеттеріндегі пара туралы барлық хабарламаны тексерді. Сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған жоқ. Комиссия жұмысының нәтижесінде

теріс себептермен төрт қызметкер жұмыстан босатылды. Бірақ олардың әрекеттері парамен байланысты емес

Қылмыстық полиция жетекшісімен болған атышулы оқиғаға қатысты тәртіптік комиссияның шешімімен ол қызметінен шеттетіліп, қазір Департаменттің резервінде тұр. Ол ешқандай негізсіз карантиндік аймақты тастап кеткен.

Тұрғындар мен айыппұл туралы

Карантин және төтенше жағдай режимі кезінде полиция бұйрықтар мен нұсқаулар  шеңберінде, жағдайға қарап әрекет етті. Егер  біз қатаң іс-әрекет  қолдандық деп айтуға болатын болса, барлығы қалалықтардың игілігі үшін жасалғанын есте сақтау қажет.

ТЖ және карантин режимін бұзғаны үшін біз 2 294 адамды жауапкершілікке тарттық. Екі миллион тұрғыны бар қала үшін бұл өте аз. Бұл тәртіп бұзушылар аз болғанғандықтан емес,

біз ең алдымен жазалау шарасына емес, түсіндіру жұмысына нараз аудардық

Азаматтарға міндетті түрде бетперде киіп, аса қажет болмаса далаға шықпау керек екенін және т.б. түсіндірдік.

ТЖ режимін тоқтатқаннан кейін 3,5 мың адамның COVID-19 вирусын жұқтырғаны анықталды

СЭҚ және әкімдік қызметкерлерімен бірге жұмыс істедік, аулаларды араладық. 11 мамырға дейін күнделікті жаяу патрульдеуге 4 мыңнан астам адам қатысты. Олардың қатарында полицейлер ғана емес, сондай-ақ Ұлттық гвардия мен Шекара қызметінің сарбаздары да бар. Сонымен қатар патрулдеуге әскери міндеттілер де тартылды.

Қазірде бұл жұмыс тек полиция қызметкерлері мен ұлттық гвардия күшімен жүзеге асырылуда.
Қазіргі жағдайды ескере отырып, түзетулер енгізілді — бірінші кезекте адамдардың топтасып жиналған орындары тексеріледі.

Жалған әңгімелер туралы

Егер тосқауыл бекеттерінде қандай да бір сыбайлас жемқорлық фактілері болса, менің Facebook-тегі парақшама жеке хабарлаңыз ( редакциядан ескерту: Қанат Таймерденовтың парақшасы). Өзіндік қауіпсіздік қызметі әр эпизодты міндетті түрде тексереді. Мен ондай қызметкерлерді қатаң түрде жазалаймыз деп өз атымнан мәлімдеймін.

Алайда мұндай хабарламалардың көбі шындыққа жанаспайды. Мысалы, жақында әлеуметтік желілерде Алматы облысының тұрғыны Шымкентке келіп, жол бойындағы тосқауыл бекетінен  өту үшін белгілі бір соманы төледі деген хабар пайда болды. Тексеру нәтижесінде бұл жалған ақпарат болып шықты.

Жалпы, карантин кезінде 18-19-ға жуық жалған хабарлама тіркелді.

Біз оларды әлеуметтік желіде жазған барлық адамды таптық, үш адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Прокуратура олардың хабарламаларын Қылмыстық кодекс аясында қарастыруға болады деген шешім қабылдады.  Қалғандары әкімшілік тәртіппен жазаланды, олар  әлеуметтік желілер арқылы кешірім сұрады.

Криминалдық полицияны басқаруда «К» – компьютерлік технологиялар бөлімі жұмыс істейді. Ондағы тәжірибелі қызметкерлер жалған хабарламаларды тарататын адамдарды оңай әрі жылдам таба алады. Қайталаймын: егер тосқауыл бекеттеріндегі сыбайлас жемқорлық туралы ақпарат болса, маған жеке хабарлаңыз.

Реформалар мен учаскелік қызметкерлер туралы

2014 жылы облыстың 18 ауылы қалаға қосылды. Бізде

штатты кеңейтуге мораторий бар, учаскелік инспекторлар шынымен де жетіспейді

Біз мәселені шешу мақсатында ұсыныстар енгіздік және әкімдік бізді қолдады. Қазір құжат министрлікте және Үкіметтің мақұлдауын күтіп отырмыз. Қаржыландыру жергілікті бюджеттен болады деп болжануда.

Бағдарламаның толық бейне нұсқасын мына сілтемеден көре аласыздар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз