Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

ТЖ режимін тоқтатқаннан кейін 3,5 мың адамның COVID-19 вирусын жұқтырғаны анықталды

215
Сурет: coronavirus2020.kz

ТЖ режимін тоқтатқаннан кейінгі екі аптаның ішінде Қазақстанда  3 441 адамның коронавирусты жұқтырғаны анықталды. Салыстыратын болсақ, осы уақытқа дейін (13 наурыздан 10 мамырға дейін) COVID-19 вирусын  5 090 адам жұқтырды.

11-25 мамыр аралығында жұқтырудың орташа көрсеткіші тәулігіне 245 адамды құрайды

Осы кезеңде тәуліктік рекорд орнатылды – 23 мамыр күні  403 адамнан коронавирус инфекциясы табылды.

25 мамыр күні Қазақстанда  коронавирусты жұқтырудың 8 531 оқиғасы тіркелді.

Осындай қарқын сақталған жағдайда 1 маусымға қарай олардың саны шамамен 10,5 мың адамды құрайды

2-ші дәрежелі трендтің полиномиальды сызығына қарап осындай болжам жасауға болады. Ол алдыңғы динамиканы 0,9984 дәлдікпен сипаттайды, ал 1-ге жақынырақ болған сайын модель дәлірек болады.

Жағымсыз болжам расталса,  14 мыңнан астам адам вирус жұқтыруы мүмкін (6-дәрежелі полином, ағымдағы дәлдігі 0,9996).

Қай аймақтар вирус жұқтырғандар көбірек

ТЖ режимі аяқталғаннан кейін барлық жұқтыру жағдайларынң төрттен үші бес аймаққа тиесілі:

  • Алматы – 621 факт анықталды
  • Нұр-Сұлтан – 564
  • Шымкент – 373
  • Атырау облысы – 592
  • Қарағанды облысы – 404

Соңғы екеуіндегі жағдай  өнеркәсіп нысандарында анықталған вирус ошақтарымен байланысты. 23 мамырдағы мәліметтер бойынша «Нұрқазған» кенішінде («Қазақмысқа» тиесілі) жұқтырудың 133 жағдайы анықталды. Компания мен мердігерлік ұйымдардың жұмыскерлеріне жаппай тестілеу өткізіп, кеніштің жұмысын уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылданды.

Атырау облысында вирус негізінен Теңіз кен орнында таралған  – 24 мамырда 778 факт тіркелді.

Республикалық маңызы бар қалаларға келетін болсақ, бұл жерде ауруға шалдыққандар санының көбеюінің себебі бөлек. Екі айлық режимнен кейін миллиондаған тұрғындар босаңсып қалды.

Жергілікті билік органдары карантиндік шаралардың жойылмағанын және оларды сақтау қажеттігін бірнеше рет қайталады. Егер жағдай нашарласа, тіпті  қайтадан қатаң щаралар қолданамыз деп қорқытуда.

Белсенді аурулар көбейіп кетті

Қазақстанда төтенше жағдай режимі тоқтатылғаннан кейін COVID-19 вирусы анықталғандар саны да артты. 11 мамыр күнгі жағдай бойынша республикада 3,1 мыңнан астам «белсенді» науқас болғанын ескерсек, басқаша болуы мүмкін емес еді.

11-24 мамыр аралығында ауруханадан 2 411, орташа алғанда – тәулігіне 172,2 адам шығарылды. Науқастар емделуіне кеткен уақыт  аурудың өсу қарқынына қарағанда айтарлықтай артта қалып отыр. Бірақ егер салыстырмалы қарқынға қарайтын болсақ, жағдай басқаша:

  • 1-19 мамыр аралығында сауығу қарқыны жұқтыру қарқынына қарағанда жоғары болды ( 7,8% бен 3,9%)
  • Келесі 5 күн ішінде (20-24 мамыр)  үш рет науқастардың өсу қарқыны жоғары болды. Осы уақыт ішінде сырқаттанғандар саны тәулігіне 4,1%-ға көбейеді. Емделгендер – 3,9%

Нәтижесінде, Қазақстанда белсенді науқастар саны өсуде.

25 мамыр күні республикада 4 144 адам COVID-19 жұқтырған. Яғни, олар емделіп те шыққан жоқ және қаза болған жоқ. Бұл төтенше жағдай режимі алынып тасталған 11 мамыр күнімен салыстарғанда мыңнан астам адамға артық.

Атырау (+463 адам), Қарағанды (+307) облыстарында және Шымкентте (+282) вирус жұқтырғандардың көбірек екені байқалады. Сонымен қатар, республиканың алты өңірінде вирус жұқтырғандардың саны сәл де болса азайды. Алматыда ең көп жұқтыру фактісі тіркелді (180 адамға).

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз