Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Карантин шектеулерін жеңілдету коронавирус жұқтырғандардың санын арттырады — дәрігер

364

ТЖ режимін тоқтату және Алматыда карантиндік шектеулердің кезең-кезеңімен жеңілдетілуі көшелердегі адамдар санының артуына тікелей әсер етті. Көптеген адамдар бетперде киіп, қолға арналған дезинфекторды пайдалануды тоқтатты, бірақ коронавирус пандемиясы аяқталған жоқ. Шағын азық-түліктік емес дүкендер жұмысын қайта бастады. Олардың кейбіреулерінде адамдардың көп екенін көруге болады, адамдар ғимараттың ішіне 3-5 сатып алушыдан артық  кіруге болмайды деген бұрынғы ережелерді естен шығарған секілді.

Психологиялық фактор

Психолог Надежда Вырва адамдардың мінез-құлқына бір топ фактор әсер етеді деп санайды.

Барлығы оқшауланудан шаршады, ал жылы көктемгі ауа райы адамдардың серуендеуге деген ниетін одан бетер арттыруда

Сонымен қатар, көптеген мамандардың пікірінше, күн көзі мен таза ауа иммунитетті арттырады. Көбісі осы себептен де серуендеп жүрміз деп түсіндіреді.

Надежда Вырва

— Ақпараттық кеңістікте бетперделердің қорғау дәрежесі туралы түрлі пікірлер айтылуда. Біреулері бетперде көмектеседі десек, басқалары кері пікірде. Коронавиустың қауіптілігі туралы пікірлер де кереғар.

Адамдардың бір бөлігі Қазақстанда індет ақпан айынан бастап тарады, иммунитет қалыптасты деп есептейді

Бәрін жоққа шығару секілді  психологиялық қорғаныстың түрі де бар, — дейді психолог.

Қауіп-қатер ешқайда кеткен жоқ

«Аман-саулық» Қоғамдық қорының президенті, дәрігер Бахыт Түменова адамдар оқшаулану режимін тоқтата отырып, өз бастарын қауіпке тігеді дейді.

Олар әлі де кез келген жерде науқаспен  немесе ауру белгілері байқалмаған адаммен  кездейсоқ байланысқа түсіп, коронавирус инфекциясын жұқтыруы мүмкін

— Олар вирус жұқтырғаннан кейін, өздері байланысқа түсетін отбасы мүшелері мен әріптестеріне қауіп төндіреді.

Бұлай жалғаса берер болса, карантиндік шаралар тоқтамауы да мүмкін

Ал адам бетперде мен қолғап кимесе, санитайзерлер пайдаланбаса қауіп екі есе артады.

Өзіңді және жақындарыңды ойлау керек

Алматы — кем дегенде 1,5-2 млн халқы бар үлкен қала, ал инфекцияның әлі де жойылмағынын  ұмытпаған жөн. Қабылданған шаралардың арқасында  басқалармен салыстырғанда оның таралуын тежей алдық. Дегенмен

қаланың стационарларында қанша науқас жатқанын немесе үй карантинінде қанша адамның отырғанын қараңыз! Ал әлі анықталмаған жұқтырғандар саны қанша?!

Қазіргі кездегі жағдай тек медицина қызметкерлерінің ғана емес, жалпы қоғамның да қолында. Әркімнің өз денсаулығы мен қоғам денсаулығы үшін жауапкершілігі болуы тиіс. Егер адам бетпердеден бас тартып, өзін қорғамаса басқаларды тәуекелге ұшыратады, — дейді Түменова.

Карантин қашанға дейін созылады?

Оның бақылауы бойынша қазірде түрлі дерекөздерінен кереғар, тіпті жалған ақпарат тарауда. Мәселен, коронавирус жоқ, бетперде кию қажет емес деген сипаттағы ақпарат.

— Алайда оқшаулану режимін дер кезінде енгізе алмаған  басқа елдердегі өлім-жітім көрсеткішіне қарап көріңіздер. Бұл әлемдік пандемия, ол барлығымызды қамтыды. Менің ойымша,

вакцина шығарылмайынша немесе жер халқының 80%-ы пайызы ауырумен ауырмайынша бетперде кию режимі сақталады

Ұжымдық иммунитет қалыптасуы керек, әзірге бұл инфекциядан ешкім қорғалмаған. Қазірге қаланың шекарасын ашпағанын да естен шығармауымыз керек.

Бахыт Түменова

Алда не болады?

Бүгінде барлығы өзіне жауапкершілік алып, қабылдаған шараларды түсініп, қолдауы керек. Біз қазір бір-бірімізбен байланыстымыз, — деп атап өтті дәрігер.

Бахыт Түменова

адамдардың қазіргі бейқамдығы Алматыда вирус жұқтырғандар санының артуына алып келуі  мүмкін

екенін жоққа шығармайды.

— Тек қарт адамдар еғана емес, жастар, тіпті балалар да вирус жұқтыруы мүмкін екені туралы сан рет айтылды. Кез келген жағдайда көмектеседі деп дәрігерлерге ғана үміт артуға болмайды, — деп түйіндеді сарапшы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз