Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-6
USD
524
0.00
EUR
545
0.00
RUB
5.11
0.00

Қарағандыда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жалған полковнигі тұтқындалды

355

Полиция қызметкерлеріне аталған тұлға күдікті болып көрінгендіктен жағдайды анықтау үшін Қарағанды облысы бойынша ҰҚК және Қарағанды облысы полиция департаментінің ӨҚБ қызметкерлері шақырылды.

«Ұсталған адам Қарағанды ІІД Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне жеткізілді. Сауалнама барысында ол шын мәнінде  ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкері емес екенін мойындады, өкінетінін айтты», — делінген хабарламада.

Азамат ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабының 6-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды (төтенше жағдай режимін бұзу). Қарағанды қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен оны 10 тәулік мерзімге қамауға алынды.

«Айтпақшы, өткен жылы жалған «полковник» алаяқтық жасады деген айыппен істі болған. Ол өзін лауазымды тұлға ретінде таныстырып, облыстың бір тұрғынына қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мәселесін шешуге уәде берген», —деп атап өтті ЖП баспасөз қызметінде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз