Оңтүстік астананың жедел штабы карантиндік аумақта жүріп-тұруға рұқсат берілген адамдардың тізімін кеңейтті.
Бірақ олардың қолында соңғы 7 күнде коронавирусты жоққа шығаратын ПТР тесті тіркелген 201/у формалы анықтамасы болуы керек. Келесі адамдар тобына қалаға кіруге және шығуға рұқсат берілді:
Алматы қаласынан/қаласына ауысқан ҚР ҰҚК ШҚ әскери қызметшілері, сондай-ақ ҚР ҰҚК ШҚ үшін азық-түлік, материалдар жеткізуді жүзеге асыратын және де ҚР ҰҚК ШҚ объектілерін жөндеу мен салуды жүзеге асыратын мердігерлік ұйымдардың қызметкерлері мен көлігі;
ұйымдастырушылық-штаттық өзгерістерге байланысты лауазымдарға тағайындалған ҚР қорғаныс министрлігі әскери қызметшілері;
ҚР ҚМ қолбасшылар басқармаларының әскери қызметшілері;
қылмыстық немесе әкімшілік іс жүргізу шеңберінде жұмыс атқаратын құқық қорғау және арнайы органдардың күн тәртібі бар адамдар және олардың көлігі;
Алматы қ. немесе басқа аймақтарда қамқоршыларсыз жүрген кәмелетке толмағандар, оның ішінде Алматы қ. немесе басқа өңірлерде жүрген кәмелетке толмағандарды көлікпен алып жүрген жақын туыстары;
жақын туысының жерлеуіне қатысатын адамдар және олардың көлігі;
медициналық ұйымдарда ауыр жағдайдағы жақын туыстарына баратын адамдар;
ұйымдастыру-штаттық іс-шараларды жүргізетін әскери қызметшілер;
әскери-медициналық қызмет өкілдері;
өндірістік қажеттілік бойынша жұмысқа шақыртылған медициналық ұйымдардың қызметкерлері;
Алматы қаласының шекарасынан тыс биологиялық материалды (қан, талдау және басқа) алуға қатысатын тұлғалар;
науқасты тасымалдаған медициналық ұйымдардың қызметкерлері,
вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлер;
омарташылар;
құрылыс-монтаж және жол-құрылыс ұйымдары;
Алматы қаласында қызметіне рұқсат етілген ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері;
гуманитарлық жүкті тасымалдайтын және алып жүретін адамдар мен көлік.