Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Диабетке шалдыққан адамдар коронавирустың қауіпті аймағында

302

Қазақстанда 2019 жылдың соңында  «қант диабеті» диагнозы қойылған 350 мыңға жуық адам тіркелді. Бұл ел халқының 2%-дан астамын құрайды. Алайда, 2017 жылы жарияланған Nomad зерттеулері қазақстандықтардың 8,2%-ының қанында глюкоза деңгейінің жоғары екенінн көрсеткен және олардың 6%-ы бұл туралы білмейді де.

— Қант диабеті өз алдына коронавирус инфекциясын жұқтыруға себеп емес. Басқаларға қандай қауіп төсе, осындай диагнозы бар адамдарға да сондай қауіп төнеді. Бірақ олардың вирусқа қарсы жауабы басқа. Қант диабетінің болуы немесе оның асқынуы иммунитеттің реакциясын өзгертіп, тамыр ауруларын асқындырып, инфекциялық шокка тиісті жауап қатуға мүмкіндік бермейді.

Коронавирустық инфекция кезінде бойында қант диабеті, гипертония жәнге бүйректің созылмалы ауруы секілді бірнеше ауруы бар адамдардың емделуі қиын

Бұндай науқастарға көмек көрсету барысында дәрігерлерге ағзаның барлық қызметін қадағалап, инфекциямен күресу қиынға түседі.

Не істеу керек?

Ең алдымен, қант диабеті, гипертониясы бар және бүйрек қызметі бұзылған науқастың індетті жұқтырмауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасау керек. Диабетик үшін тек вирус қана емес, одан емделу жолы да қауіпті.

— Коронавирус инфекциясының асқыну белгілері бар науқастарға күшті препараттар тағайындайды, ал олар барлық кезде бірдей диабетке қарсы дәрілермен үйлесе бермейді және бауыр мен бүйрекке күш түсіреді.

Бұндай жағдайда ҚД терапиясын түзету қажет болады. Егер жағдайы нашарлап, пневмония дамыса, кейбір таблетка түріндегі дәрілерден бас тартып, дәрігерлер инсулинмен емдеу жолын тағайындай алады.

Көбінесе терапияға базальды (ұзартылған) инсулин қосады, ол препаратты қосымша енгізбесе де  күні бойы глюкоза деңгейін қалыпты жағдайда ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Инсулинмен емдеу интоксикация жағдайында ең қауіпсіз жолы. Ол коронавирус инфекциясын емдеуде, сондай-ақ, екінші типті қант диабеті бар емделушілер үшін қолданылуы мүмкін.

Вирус жұқтырған жағдайда шұғыл қызметті (емхана жанындағы жедел немесе шұғыл көмек) шақырып,  емдеуші эндокринолог-дәрігерге жағдайыңыз туралы хабарлау қажет. Қант деңгейін бақылап, қантты төмендететін емді, әсіресе инсулинотерапияны тоқтатпау маңызды.

Қандағы қант деңгейін тексерудің маңызы

Қандағы қант –  өмір сүрудің маңызды көрсеткіші. Көмірсуларсыз біз өмір сүре алмаймыз, өйткені  ағзаның тіршілігін қамтамасыз ететін барлық жүйелердің жұмысын қолдауға қажетті глюкозаның дұрыс игерілуі энергия өндірумен байланысты.

Глюкозаның сіңірілуі бұзылғанда қан деңгейі жоғары болады, ал тіндерде ол жетіспейді.

Бастапқы сатыларда қант диабетінің еш белгілері байқалмай, ал  карантин жағдайында тамақтану режимінің бұзылуынан асқынып кетуі мүмкін, себебі

көмірсуларды тұтыну көлемі артып, физикалық белсенділік төмендейді

Диабет дамуының алдында тұрған адамдарда қант диабетінің дамуына вирустық инфекция себеп болуы мүмкін. Себебі қан құрамындағы глюкозаны төмендететін инсулин гармоны вирус тарапынан үлкен соққыға тап болады.

Өкінішке орай, көп адамдар тәтті әрі майлы тағам жегеннен кейін немесе стресс жағдайында  қанында глюкоза деңгейінің жоғарылап кеткенін байқамайды да. Бұл «диабет алды» жағдай  деп аталады.

Қандағы глюкоза деңгейі анда-санда жоғарылап тұрса да коронавирус инфекциясы кезінде асқынуы мүмкін.

Үйден шықпай-ақ диагноз қоюға болады

Сіз үйден шықпай-ақ қант диабеті мен диабет алды белгілерін анықтай аласыз:

  • үнемі шөлдеп жүру, ауыздың құрғауы,
  • еш себепсіз әлсіздік сезімінің пайда болуы,
  • дене салмағының күрт өзгеруі: қатты салмақ жоғалту немесе керісінше, дене салмағының артуы.

«Қант диабеті» диагнозын болдырмау үшін қандағы глюкоза (қант) деңгейін өлшеу керек немесе соңғы үш айда глюкохза деңгейінің көтерілгенін көрсететін гемоглобинге талдама жасату қажет.

Көрсеткіш жоғары болған жағдайда міндетті түрде дәрігерге немесе емдеу әдісін белгілейтін эндокринологке барған жөн. Дәрігерлер қант диабеті анықталған науқастар мен олардың жақындарына үрейленудің қажеті жоқ деп ұсыныс айтады.

Оқшаулану режимін қатаң сақтап, емдеуші дәрігердің нұсқауларын орындау керек.

Карантин режиміндегі қант диабеті бар науқастар

Мукадас Муталиева  19 жасынан бастап, тыныс демікпесі және қант диабеті бойынша тіркеуде тұрады. Ол қазір 20 жаста, Асфендияров атындағы медициналық университеттің 2-курс студенті. ТЖ режимі енгізілгеннен бастап,  Мукадас қатаң оқшаулану режиміне көшкен, үйден білім алып, тіпті дүкенге де бармайды.

— Үйде жұмыс істейтін адамдар болғандықтан, біз профилактикалық шараларға мұқият қараймыз. Жұмыстан келген адамдар үйге кіре сала қолын ғана жумайды, бірден душқа түседі. Бетпердені үнемі ауыстырып отырамыз.

Диабетпен ауыратын балалары бар ата-аналарға жағдайға бейжай қарамауға шақырамын. Карантин режимін, барлық медициналық ұсыныстарды қатаң сақтап, дәрігермен байланыста болу керек. Бұндай балалардың ата-аналары қазір қиын жағдайда. Негізгі қауіпке физикалық қимыл-қозғалысты қамтамасыз ету мәселесі де қосылды.

Күн тәртібі бұзылып, инсулинге деген қажеттілік артты, яғни қантты бірқалыпта ұстап тұру қиын болып тұр

Қант диабеті диагнозы бар 12 жасар Даниэл Мажитовтың анасы Наталья баласының карантин жағдайындағы өмірі туралы айтып берді.

— Карантинге дейін Даниэль батуттағы гимнастикамен айналысқан. Алты жыл бойы Алматы қ. олимпиадалық резерві мектебінде жаттығады, ересектер арасындағы 2 санатқа ие.

Бүгінде мектеп карантинге жабылған. Әдеттегі физикалық жүктеме болмағандықтан, оның инсулинге қажеттілігі артып кетті. Әрине күн тәртібі де бұзылды.

Біз карантин режимі мен дәрігерлердің кеңесін қатаң сақтаймыз. Баламызбен бірге онлайн жаттығулар жасап, сурет саламыз, тамақ дайындаймыз. ҚД бар балалардың ата-анасына дүрлігудің қажеті жоқ деймін. Балаңызға қолдау білдіріп, ортақ іспен айналысыңыздар. Барлығы жақсы болады!

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз