Ашхабад ресми түрде «коронавирус» деген сөзді атауға тыйым салды, ал COVID-19 пандемиясы туралы сөз қозғағаны үшін қамауға алынуы мүмкін.
«Ал көшеде маска киіп жүрген және әлемдегі коронавирус пандемиясы туралы сөз қозғаған азаматтарды ішкі істер органдарының қызметкерлері тұтқындай алады», — делінген хабарламада.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, Түрікменстанда коронавирус жұқтырған бірде-бір жағдай тіркелмеген. Ал бұл елге көршілес Иранда COVID-19 3 мыңға жуық адамдардың өмірін алып кетті.