Алматы қаласының полициясы көшеде ойнап жүрген балалардың ата-аналарын жазаға тартпақ.
Бұл туралы қалалық ПД бастығы Қанат Таймерденов айтты.
— Балалары көшеде жүрген ата-аналарды жауапқа тартамыз. Әсіресе, ересектерсіз жүрген, кәмелеттік жасқа толмаған балаларға назар аударамыз. Олардың барлығы үйде отыруы керек. Осындай кәмелетке толмаған жасөспірімдерді анықтаған жағдайда, олардың ата-аналары немесе қамқоршылары ӘҚБК 476 бабы бойынша (Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін) әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады, – деп атап өтті қалалық полиция басшысы.
Ол бұған дейін Алматы қаласының көшелерінде автокөліктердің бағытын тексеретін 26 бекеттің пайда болатыны туралы хабарлаған еді. Карантин режимін бұзушыларды «Сергек» камера жүйесі арқылы анықтайтынын да айтқан.