Нұр-Сұлтан
Қазір
-14
Ертең
-15
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

Коронавирус пандемиясы үлкен соғысқа алып келеді — Анатолий Вассерман

725
Сурет: Слово и дело

Анатолий Вассерманның пікірінше, дағдарыс аяқталғаннан кейін ірі әскери қақтығыс болуы мүмкін. Бұл туралы ол Ren.tv-ге берген сұхбатында айтты. Журналист қазір әлем «Екінші Ұлы тоқырауды» бастан кешіп жатыр дейді.

Ол АҚШ-тың Федералды резервтің жүйесі құнды қағаздар нарығының құлдырауына жауап ретінде негізгі мөлшерлемені бұрын соңды болмаған минимумға (жылына 0% ден 0,25%-ға дейін) төмендетті дейді. Вассерман

ФРЖ ақшаны басып шығарып, қаржылық банкирлер мен ірі корпорациялардың басшыларына тегін тарата бастады

деп түсіндірді. Олар бұл ақшаға өздерінің қарыздарын жабады.

— АҚШ доллары арзандаған сайын жалпы әлемдік инфляция болады. Ары қарай бүкіл ғаламшар кедейленіп, арзан ақша тек байларға ғана табыс әкеледі. Кез келген қаржылық пирамиданың әйтеуір бір құлайтынын білеміз. Бұған ОПЕК немесе эпидемия түрткі бола ма, жоқ па маңызды емес. Басқа қару кезелді, серіппесі көтерілді!  — дейді Вассерман.

Сондай-ақ «Бірінші Ұлы тоқырауды» тек Екінші дүниежүзлік соғыс тоқтатқанын айтты.

Ол кезде капитал пайда табудың барлық жолын жауып, адамзаттың жартысына жуығы аштыққа тап болды

Қазіргі қаржы жүйесіне ондаған миллион адамның өмірі тәуелді.

— Әлемдік дағдарыстан кейін әлемдік қақтығыс болады. Біз қазір бұл жолдың басында тұрмыз. Бұрынғы қателерді тағы да қайталап жатырмыз. Сансыз экономикалық пайдасыз шараға ресурс салудың орнына, оны ақылмен жұмсап, үлкен пайдаға кенелуге болады, — дейді Вассерман.

Ядролық соғыс бола ма?

Ал Ресейлік әскери ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі Владимир Козин Свободная пресса басылымына берген сұхбатында

жаһандық қарулы қақтығыс міндетті және автоматты түрде болады деген пікірге күмәнмен қарайтынын айтты

Біріншіден, классикалық «ядролық бестікке» кіретін мемлекеттер ЯҚ қолданудың ақыр соңы не болатынын түсінеді.

Екіншіден, «ядролық төрттік» деп аталатын, яғни іс жүзінде ядролық қаруға ие елдер — Үндістан, Пәкістан, Израиль және Солтүстік Корея — ядролық қаруды жинақтау мен жаңғыртуына қарамастан, оны қандай да бір мақсатта қолданудың аяғы жақсылыққа апармайтынын түсінеді. Бірінші соққыдан кейін бірден екінші және одан кейінгі «жауапты» толқындар болады. Осылайша іске қосылған «зымыран-ядролық» тізбекті реакция жаппай жоюға әкеледі.

Бірақ босаңсуға әлі ерте.

— Ең алдымен,  2018 жылы президент Дональд Трамп жаңа ядролық доктрина қабылдағаннан кейін АҚШ-тың ядролық қаруды қолдану мүмкіндігінің бірден артып кеткенін естен шығармау керек дейді.

Бұған дейін президент болған Барак Обама кезіндегі доктринада ядролық қару қолданудың 6 негіздемесі болса, жаңа құжатта олардың саны 14 жетті. Сонымен қатар, АҚШ-тың қазіргі президенті мен үкіметі тұлғасындағы әкімшілік Рональд Рейганның ядролық қаруды қолдануға қатысты “ядролық соғыста жеңімпаздар болмайды” деген тұжырымынан бас тартты, — дейді Козин.

Үлкен өзгерістің белгілері

Ол бірқатар факторларды атап өтті:

  • Трамптың қалауына қарай Пентагонның қуаты аз ядролық жарылғыш заттар пайдалануға дайындығы;
  • одақтас АҚШ елдеріне тікелей жақын жерде жеткізу құралдарын көбейту;
  • басқа мемлекеттердің КБР-ді жою туралы стратегиялық қондырғылары;
  • АҚШ-тың әдеттегі қару-жарақ түрлерін қолданумен бастап, бірақ ядролық қару-жарақты шартты түрде іске қосумен аяқталатын әскери оқу-жаттығулары.

— Ядролық саладағы күрделі әскери дайындықтың екінші нақты белгісі — алғашқы соққыда ядролық қаруды қолданбау. Бұл өткен ғасырдың сексенінші жылдары Кеңес одағында айтылған тақырып. Ол кезде бұл мәселе аяқсыз қалды. Бірақ «трамптық» ядролық стратегияны қолдайтын америкалықтар

алғашқы соққы кезінде ядролық қаруды қолдануға болмайды деген тұжырымнан түбегейлі бас тартты

АҚШ тарапынан әлемге қарай ешқандай жақсылық боламайды.

Сарапшы үшінші белгі ретінде Вашингтонның ғарышта алғашқылардың бірі болып қару орналастырмау туралы ресейлік-қытайлық жобаны қолдаудан бас тартуын көрсетті.

Америкалық сарапшылардың пікірінше Иран бір жылдың ішінде ядорлық қару жасап шығарады

Сондай-ақ америкалықтар Иранмен жасалған ядролық келісімді бұзды.

— Қазіргі кезде ядролық қаруды таратпау туралы Келісімнің алғашқы екі бабын ашық түрде бұзып жатыр. 70 жылға жуық уақы бойы Еуропада өздерінің тактикалық ядролық құралдарын сақтап тұр. Ал олардың кейбірі стратегиялық ядролық тапсырмаларды орындай алады, — деп түсіндірді Козин.

Әлемде жаңа Ұлы тоқырау бола ма?

Бұған дейін біздің порталда  болашақта жаһандық өзгерістер болатыны туралы Петр Своиктің сұбаты жарияланған еді. Ол ешқандай соғыс туралы айтпаса да, эволюциялық жолмен үлкен өзгерістер болады деген еді.

https://kaz.365info.kz/koronavirus-pandemiyasy-alemdegi-khajta-bolisuge-dajyndykh-347053

— Алдағы әлемдік дағдарыс 1926 жыл болған Ұлы тоқырауға  ұқсайды. Ол біреулердің зауыттарды жауып, ондағы жұмысшыларды атып тастағанынан болған жоқ. Барлығына банк жүйесі, яғни экономиканың қаржыландыру жүйесінің бұзылуы себеп болды.

Нәтижесінде АҚШ ғана емес, Еуропаның жартысында  ұзақ уақытқа созылған тощырау кезеңі болды

Алдағы уақытта да осыған ұқсас жағдай болады. Коронавирус пандемиясы үлкен жаһандық өзгерістерге алып келеді. Медициналық себебі мың мәрте еселенген, аурумен күресу барысында әлемдік шаруашылық байланыстар бұзылуда, —  деген еді.

Алайда ақыр соңында әлем бірнеше макроаймақтарға бөлінеді.

— Әрине, АҚШ өзінің континентінде басымдылыққа ие болатыны сөзсіз. Англия Американың Еуропадағы бір филиалы болады. Еуропа жағдайы жақсарып, өз алдына дербес әрекет ете алады. Қытай барлық қиындықты жеңіп шығып, ықпал ету арналары бар ұлы экономикалы ел болып қала береді. Еуразиялық одақ Моңғол империясы секілді көлемде болады, —дейді Своик.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз