Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Америкалық сарапшылардың пікірінше Иран бір жылдың ішінде ядорлық қару жасап шығарады

460

Дипломатия мен лимиттер

Иранның ядролық бағдарламаны қабылдауы Барак Обаманың жеңісі болды. Иран уранды байытудың технологияларын дамытпау және оны соғыс құралдарына пайдаланбау туралы міндеттемелермен келісті.

Қазақстан  территориясындағы атом станцияларына арналған жанармай қоймаларына Иран өзінің уран кенін әкеліп тиейді. Бұл Әлемге Иранның атомдық әскери технологиялар жасамайтынын дәлелдеу үшін қажет болды. Қазақтар уран кенін байытпайды және Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) санкцияларынсыз оған ешкімді жақындатпайды.

2017 жылы АҚШ осы келісімнен бір жақты тәртіпте шыққаннан кейін, бұл жоспар бұзылудың сәл-ақ алдында тұр. Обама өзі билік еткен кезде Иранның Вена келісіміне қол қойғаны үшін  рақымшылық танытып, алып тастаған экномикалық санкцияларын Трамп қайта енгізді. Иран көшбасшысы 2019 жылдың маусымында «Трамп келісімге келуге лайық емес» деген мәлімдеме жасады.

2019 жылдың 17 маусымында Иранның Атом энергетикасы бойынша ұйымының өкілі Бехруз Камалванди

Иран уран кенін байыту қуатын арттырып жатыр және Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) санкцияларында белгілеген лимитті бұзуы мүмкін деп мәлімдеді

Бұлай жалғаса берсе Иран келісімнен шығып кетеді. Камалванди соңғы екі жарым айда Иранның ауыр судың өндірісін арттырып жатқанын және оның жоспарда көрсетілген лимиттен (130 метрикалық тонна) артып кеткені туралы айтты.

12 айдың ішінде

2019 жылдың шілдесінде АҚШ-тың Қару-жарақты қадағалау қауымдастығының өкілі Келси Дейвенпорт Иран жақын арада (10 күннің ішінде)  соғыс мақсатында уран өндіреді деген қауіп жоқ деді. «… Вена келісімінде көрсетілген шектеулерге байланысты Иранға бұндай қару өндіру үшін 12 ай керек» екенін атап өтті.

Шілдеде Дейвенпорт та, Камлванди де Касем Сулеймани өледі деген ой болған жоқ. Иран бәрі тынышталғаннан кейін өз генералы үшін кек қайтарса не болады деген сұрақ туындайды? Трапм Вена келісімінің талаптарын әлсін-әлсін бұзып отырғанын айта кетейік. 2018 жылдың өзінде АҚШ-тың Ұлыбританиядағы елшісі  Ким Дарроч:

« Трамп «дипломатиялық вандализм» актісін  Обаманың  жүргізген саясатына қарсы қасақана жасады» деді

Бұл үндеу жарияланбауы керек еді, бірақ қандай да бір себептермен  бұл мәлімдеме БАҚ өкілдерінің қолына түсіп, елші жұмысынан босатылды.

МАГАТЭ-нің шектеулері

Еуроодақ, Қытай, Ресей, Германия, Франция, Ұлыбритания келісімді қолдайды. 2019 жылдың маусымындағы жағдай бойынша Иран МАГАТЭ-нің қадағалауымен келісімнің барлық талаптарын орындап отыр. МАГАТЭ-нің мәліметтеріне сәйкес Иран

  • уран кені байытылатын центрифуга,
  • ауыр суды өндіру,
  • радиоактивті материалдарды жасау бойынша белгіленген лимиттің шегінде жұмыс атқаруда.

У-235-ті өндіру деңгейі 3,67 пайыздан асып кеткен жағдайда, әскери есептеуіш автоматты түрде қосылып,  оқтұмсықты өндіруге берілген уақыт азая бастайды. Бұл уақыттың ресми атауы  — breakout time (сөзбе-сөз аударғанда — «серпілу уақыты»).

Егер Иран ядролық арсенал өндіру туралы шешім қабылдаса, оны тез арада өндіреді, яғни үдемелі breakout жасайды. Дейвенпорттың болжамына сәйкес Иран «серпіліс уақытын» азайту үшін 3,67%-дық деңгейге жеткізілген  1 020 кг уран-гексафлюоридті газын өндіруі керек. Иран бұл материалдың 90%-ға жуығын бірінші атом бомбасын жасауға жұмсайды. Бұл туралы TheNationalInterest сайтында қаруландыру саласының маманы Дэвид Экс жазған болатын.

Тағы бір ядролық держава пайда бола ма?

Тағы бір айта кетерлігі 2019 жылдың мамыр айында МАГАТЭ-нің берген мәліметтеріне сәйкес Иранда 125 метрикалық тонна ауыр су өндірілді. Анықтама үшін: ауыр су дегеніміз — атомдық реакторлардың ішінен өтетін реакцияларды іске қосатын тетік.

МАГАТЭ Иранның Нетенз қаласындағы ядролық орталығына IR-6s маркалы 33 центрифуга орнатқанын және тағы да сондай 20 центрифуга орнатуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Батыс бұл жағдайды Иранның Вена келісімін бұзуы деп бағалады.

Дональд Трамп Иран көшбасшыларын алғашқы ядролық қару жасауға мәжбүрлеп отырған жоқ па? АҚШ-тың соңғы онжылдықта  Иран аумағында жүргізген барлық сынақтарының жалпы сомасын ескерсек,  ислам көшбасшылары амалсыз осындай әрекетке барды. Әзірше ядролық қаруды белсенді пайдалану туралы айта алмаймыз, мәселе тек Иранның иелігіндегі ядролық қаруға байланысты болып отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз