Қазақстан мен Ресей мұнай өндіру көлемін қысқартуға қарсы шықты
Қытай тарапынан сұраныс төмендегеннен ОПЕК ішіндегі табыс 2009 жылғы ең төменгі деңгейге жетті
Бірақ өндіру көлемін қысқарту құлдыраудың алдын алуға да көмектеспеді. 28 ақпанда Brent құны 2019 жылдың шілдесінен кейін алғаш рет барреліне $50 төмендеп, WTI құны $45 құрады. Осы аптада нарықта кері серпіліс байқалды.
Ресей бағаның ағымдағы деңгейін қолайлы деп санайды. 1 наурызда Владимир Путин мұнай компанияларының басшыларымен кездесу өткізіп, әртүрлі сценарийлерге дайын болуға шақырды.
Бұған дейін қаржы министрі Антон Силуанов РБК-ға берген сұхбатында ресейлік бюджет тіпті барреліне $30 бағасымен де шығындарды қамтамасыз ете алатынын мәлімдеген болатын. Екіншіден, Путин Ресей ОПЕК-пен мұнай нарығындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету мәселелерінде ынтымақтасуға дайын екенін мәлімдеді.
4 наурызда ОПЕК + мониторинг комитетінің отырысы өтті. Тараптар келісімге қатысты шешім шығаруы керек еді. Алайда пактінің басты қатысушылары – Сауд Арабиясы мен Ресейдің ұстанымдары әртүрлі болды.
Мәскеуде ағымдағы жағдайды ескеріп қана 2020 жылдың екінші тоқсанына шартты ұзарту керек деп есептейді.
Мұнай өндіруші компаниялардың басым көпшілігі бұл келісімге қарсы шығып отыр
Олардың пікірінше, мұнай өндірісін қысқарту арқылы компаниялар нарықтағы үлесін жоғалтады. Сондай-ақ РФ Энергетика министрлігі мен компаниялары коронавирустың әсері ұзаққа бармайды, өндіріс көлемін қысқартудың қажеті шамалы деген ойларын жеткізді.
Эр-Рияд өндіруді тәулігіне 1-1, 5 млн баррельге қысқартуды ұсынады. Бюджеттің кіріс бөлігі мұнайға байланысты болатын картельге қатысушы басқа Таяу Шығыс елдері де осындай пікірді ұстанады.
Конструктивті диалог болған жоқ. Ресейдің Энергетика министрі Александр Новак мәжілісті аяқтағанғанын күтпей сыртқа шығып кетті. «Интерфакс» мәліметтері бойынша, Қазақстан да Ресейдің позициясын жақтап отыр.
Ресейдің қосылудан бас тартуы мұнай котировкасына ықпал етті. Brent фьючерстері екі сағат ішінде $1,5 долларға (2,8%) төмендеп, күннің бірінші жартысындағы өсім көлемінен төмендеп, $51,56 (-0,55%) белгісінде күнді аяқтады. Күндіз $48,4 болған WTI-дегі келісімшарттар, $47 белгісіне дейін төмендеді.
Reuters мәліметтері бойынша, СА наурыз айына тиеу жоспарын 500 мың баррельге қысқартты және жаңа квотаның 40%- ын өзіне алуға дайын.
Сарапшылар бұл жолы уағдаластыққа қол жеткізіледі деп санайды. Fitch өкілі Дмитрий Маринченко “Коммерсант” порталына берген түсініктемесінде Ресей мұнай бағасы келісімнен шықса, оның бағасы төмендейтінін айтты. Мәскеудің қазіргі жағдайда оған баруы екіталай. Оның бағалауы бойынша, Тараптар келіспесе, мұнайдың бағасы бір баррель үшін $40-50 деңгейінде қалуы мүмкін.
Райффайзенбанктің өкілі Андрей Полищуктың пікірінше, жалпы нарықта ОПЕК+ қосымша қысқартуды жүзеге асырады. Сондықтан, егер елдер өзара келісе алмаса, нарықта мұнай бағасы тағы да төмендейді. Тіпті болмағанда басқа да шектеулер қойылады деп күткен жөн. Кейбір елдер бір жақты тәртіпте қосымша міндеттемелерді өз бойына алуы мүмкін. Мәселен, Сауд Арабиясы өз квотасын асыра орындады.
Шетелдік сарапшылардың пікірінше, нарықта өндіріс күніне кем дегенде 1 млн баррельге қысқарады. Егер тараптар көптеген мәселеге қатысты келесімге келе алмаса, мұнайдың бағасы $40 дейін төмендеуі мүмкін.