Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Қазақстандықтар бір айдың ішінде 20 млн маска сатып алған

223
Сурет ашық көздерден алынды

Бұл туралы ол «Қазақстан» телеканалындағы  «Ашық алаң» ток-шоуында айтты деп хабарлайды Today.kz.

— Дені сау адамға маска керек емес. Оны коронавирус жұқтыруы мүмкін науқастармен тікелей жұмыс істейтін адамдар тағуы қажет. Олар: эпидемиологтар, шекарадағы бекеттердің қызметкерлері,  күнделікті вирус жұқтыруы мүмкін деп күдік тудырған 20 астам адамды қабылдайтын санитарлар. Бұл алдын алу шаралары, себебі олар басқа адамдармен де кездеседі ғой. Маскаларын үнемі ауыстырып отыруы керек. Елде вирус жоқ болғандықтан, халықтың маска киіп жүруі міндетті емес. Тұмау бар. Науқастанған адам маска киеді. Себебі сау адамдардың денсаулығына қауіп төндіреді. Бұны біз ғана емес, денсаулық сақтау саласындағы барлық мамандар айтады, — деп түсіндірді министр.

Біртановтың ақпараты бойынша, қазақстандықтар ақпан айында 20 млн маска сатып алған.

— Неліктен? Себебі олардың басым көпшілігі шетелге жіберілген. Біз бұл туралы білеміз. Азаматтар Қазақстаннан маска сатып алып, пошта арқылы шетелге жібереді. Бірақ біз не үшін маскалардың экспортын тоқтаттық? Өйткені елімізде коронавирус таралған жағдайда олар  полиция, мемлекеттік органдар қызметкерлеріне, дүкендегі сатушыларға қажет болады. Біз олардың маска киюін міндеттейміз. Қазір маска жоқ. Бұл тапшылықты халық өз қолымен жасады. Медицианлық маскаларды сатып алуымыз керек болғанмен, олар сатылымда жоқ, —  деп түсіндірді Біртанов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз