Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
7
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

Әдем елдерінде митингтер қалай өткізіледі?

134

Қазақстанда митингілер туралы жаңа заң жобасы («Қазақстан Республикасында бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы») талқыланып жатыр. Біз әлемдік саясаттағы осыған ұқсас жағдайларды зерттеп көрдік.

Ескерту жасау тәжірибесі

Франция, Германия, Ұлыбритания, Германия, Польша елдерінде ескерту жүйесі бар. Посткеңестік кеңістікте Қырғызстан мен Арменияда осы жүйе сақталған.

Францияда жиындар «Әрбір жиын, шеру, манифестация туралы» Декретпен (Заң) реттеледі.

Бұл заң бойынша жергілікті әкімдікке 3 күн бұрын ескерту жасалады (бірақ ең көп дегенде 15 күн бұрын). Ескертуде келесі мәліметтер көрсетілуі керек:

  • ұйымдастырушылардың аты және мекенжайлары,
  • өткізетін мерзім, орны және уақыты,
  • қозғалыс (немесе шеру) бағыты

Заңсыз жиындар туралы құқықтық кодексте қарастырылған. Полиция бұндай жиындарды тоқтатуға құқылы. Екі рет бұйрық беріледі, жиналғандар ешқандай жауап қатпаса, күш қолдана алады.

Германияда «Жиындар мен шерулер туралы» Федералды  Заң қабылданған. Шараның мерзімі мен бағытын көрсетіп, 48 сағат бұрын ескерту жасалуы керек. Сондай-ақ ұйымдастырушы кәмілеттік жасқа толған азамат болуы керек және ол өзін ерекшелеу үшін ақ шүберек тағуы тиіс. Ол  тәртіптің сақталуын қадағалап, наразылық шеруінің тиісті уақытта аяқталуын қадағалауы қажет.

Қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті сақтау мақсатында полиция жиын өткізуге тыйым сала алады.

Ұлыбританияда митингілер мен жиындарды өткізу тәртібі «Қоғамдық тәртіпті қорғау туралы» Заңда жазылған. Жергілікті полиция бөлімшесіне 6 күн бұрын ескерту жасалуы керек. Мерзімі, уақыты мен бағыты, сондай-ақ ұйымдастырушының мекенжайы көрсетіледі.

Егер жергілікті полиция бастығы, жиынның соңы қоғамдық тәртіпсіздікке алып келуі мүмкін деп шешсе Округтік кеңеске жүгініп, мемлекеттік хатшының келісімімен 3 айға дейін үлкен көлемдегі шаралар өткізуге тыйым салу туралы жарлық шығара алады.

Аустралияда жергілікті билікке немесе полиция учаскесіне 5 жұмыс күні бұрын ескерту жасалады. Ұйымдастырушының аты-жөні мен мекенжайы, шараның мақсаты, уақыты мерзімі, орны, бағыты көрсетіледі. Ұйымдастырушылар дауыс зорайтқыш құралдарын пайдаланатын болса, оның сипаттамасын қоса ұсынуы тиіс.

Сондай-ақ шеру қай жерде және қай уақытта тоқтайтынын да хабарлау қажет.

Көршілеріміздегі жағдай қалай?

Ресейде жергілікті атқарушы органға немесе жергілікті өзін-өзі басқару органына ең көп дегенде 10 күн және ең аз болғанда 5 күн бұрын ескерту беріледі. Мақсаты, түрі және орны көрсетіледі. Көлік құралдары (егер пайдаланылатын болса) туралы да ақпарат беріледі.  Сондай-ақ шараның мерзімі мен қатысушылардың саны айтылады.

Ұйымдастырушылар қоғамдық тәртіп және медициналық көмекпен қалай қамтамасыз ететіні туралы да мәлімет беруі қажет. Ұйымдастырушылар мен оларға көмектесетін адамдар туралы ақпарат қоса ұсынылады.

Ресейде бұндай мерекелерге арнайы орындар бөлінген. Оларға келесі талаптар қойылады:

  • көлік құралдары еркін келе алуы
  • ұйымдастырушылардың, қатысушылар мен басқа да тұлғалардың қауіпсіздігі,
  • нормалар мен ережелердің сақталуы.

Алайда жергілікті федералды заң митингілер мен шерулерді өткізу талаптарына өзгерістер енгізе алады.

АҚШ-та әр штаттың өз ережесі бар

АҚШ, Швеция, Жапония, Сингапурде рұқсат беру жүйесі қолданылады.

АҚШ-та әр штаттың өз ережесі бар.

Вашингтонда Ұлттық парктер қызметіне немесе қалалық полиция басқармасына, Капитолия және үкімет ғимараттарын қорғау полициясына 15 күн бұрын  өтініш беріледі.

Өтініште демеушінің (болған жағдайда) аты, мекенжайы мен оның басшысының телефон нөмері көрсетіледі. Сондай-ақ өтініш берушінің немесе шараны өткізуге жауапты тұлғаның аты, мекенжайы, телефон нөмері беріледі.

Ары қарай шараның мақсатын, басталу және аяқталу уақытын, бағыты мен жиналатын орынды, осыған қатысты кез келген стендтер мен басқа да құрылғылар, қатысушылардың  (адамдар ғана емес, жануарлардың да), көлік құралдарының түрі мен саны туралы ақпарат беру керек.  Жануарлар қатысатын болса (мысалы аттылар шеруі болса), олардың сипаттамасы ұсынылады. Музыкалық құрал, дыбыс аппараттары, баннерлер, плакаттар мен басқа да белгілерді де көрсету қажет.

Кейбір жағдайда тіпті рұқсат алудың қажеті де жоқ.

Ақ үйдің аумағында тек бірнеше жерде шеру өткізуге болады. Олар: Ақ үйдің тротуары, Лафайет паркі және эллипстің жаны.

Нью-Йоркте қалалық полиция митинг өткізуге рұқсат береді. 60 күн бұрын 3 дана өтініш жіберу керек. Олар да ұйымдастырушы мен шеруге қатысты барлық қажетті ақпаратты талап етеді. Жергілікті жүйенің бір ерекшелігі бар.

жауапкершілікті миллион доллар сомасындағы қаржымен сақтандыру керек

Сондай-ақ полиция департаменті, өрт сөндіру, медицина және тасымалдау қызметтері және жалпы қалалық үйлестіру басқармасының келісімін алу керек.

Жергілікті билік өтінішті қабылдамай, шешімнің күшін жоя алады

Сингапурде жиын қоғамдық тәртіпті жоюуы  немесе жеке тұлғалардың, мемлекеттің мүлкіне зиян тигізуі мүмкін деп есептесе өтінішке тыйым салуы мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз