Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Мұнай бағасы көтеріліп, теңге бағамы нығайды

366

Мұнай бағасы аздап өседі

Соңғы үш аптада мұнай бағасы 10 долларға дейін өсті. Оның басты себептері:

  • қытайлық коронавирус осы елдегі сұранысты қысқартты;
  •  ОПЕК+ келісімінің болашағы күмәнді;
  • Нарықтағы ұсыныс қажеттен тыс мөлшерде.

Қазір Brent бағасы барреліне $54, ал қаңтардың ортасында $65 деңгейінде болған еді. Жылдың басында $70 жоғары деңгейге дейін де көтерілген.

Бірақ сарапшылардың пікірінше қазіргі бағаның төмендеуі уақытша жағдай. Нарықтың кәсіби қатысушылары наурыздың басына қарай мұнай 57,7 долларға дейін (медиана – $58,5) көтеріледі деп есептейді. Ал

бір баррелі $70 болған жағдай жақын болашақта қайталанбауы мүмкін

Негізінен алғанда, соңғы болжам 2019 жылдың басынан бері жасалған ең пессимистік болжам.

«Ақпандағы сауалнамаға қатысқан қаржы нарығының сарапшылары Brent  мұнайының құны 12 айдан кейін орта есеппен $60,2  болады деп болжауда (медиана – $61).  Алайда осыдан бір ай бұрын жылдық болжам $64,6 деңгейінде болған. Дегенмен қаңтарда сарапшылар мұнай бағасы жыл бойы $1,4 болады деп болжаса, қазір $2,1 деп күтілуде», —  дейді ҚҚҚ мамандары.

Доллар бағамы

Мұнай бағасының төмендеуіне қарамастан, теңгенің жағдайы бірқалыпты. Жалпы алғанда барлық валютаға қатысты да тұрақтылығын сақтап тұр. Доллар бағамы бірнеше апта бойы 377-380 теңге дәлізінде тұр. Сарапшылардың пікірі бойынша, жақын арада күрт өзгерістерді күтудің қажеті жоқ.

Келесі айдың басында USD/KZT жұбының бағамы орта есеппен алғанда  бір долларға 380,26 теңге, ал болжамдар медианасы – 380 теңге болады. Қаңтар айындағы сауалнама кезінде де медиана осы деңгейде болған. Яғни сарапшылар теңге бағамын әсер ететін үлкен өзгерістерді күтпейді. Сондай-ақ алдағы жылға қатысты оң пікір білдірді.

«Сарапшылар теңге бағасы бойынша орта мерзімді болжамдарды жақсартты. USD/KZT жұбы бойынша теңге бағамы 12 айдан кейін де бір долларға 389,9 теңгенің орнына 388,5 теңге деңгейінде болады деп күтуде», — дейді қаржыгерлер қоры.

Бұл 2019 жылдың сәуірінен бергі минимум. Орташа, медианалық болжамдар да қатарынан үшінші ай төмендеуде, бұл оптимизмнің көтерілгені туралы айтады. Бірақ валюталық нарық көптеген жағдайға байланысты болғандықтан, бұған ғана сүйенуге болмайды.

Мысалы, бір жыл бұрын сарапшылар 2019 жылдың ақпанында доллар бағамы 389 теңге болады деп болжаған еді. Ал ол кезде доллар құны 380 теңгені құраған. Бұл болжам бүгінгі күнгі көрсеткішке жақындамады да, керісінше бір жыл ішінде теңге  нығайа түсті.

 

Инфляция: кідіріс болуы мүмкін

Ерекше жағдайды байқауға болады: бір жылға жасалған орташа болжам қазіргі инфляция деңгейінен төмен. Яғни сарапшылар тауарлар мен көрсетілетін қызметтер бағасының өсу қарқынында кідіріс болады күтеді. Ал бұндай жағдай ең кем дегенде 2019 жылдың басынан бері болмаған.

«Қазақстандағы жылдық инфляция 12 айдан кейін 5,5% деңгейінде болады деп күтілсе, қаңтардың қорытындысы бойынша ол 5,6% деңгейінде болды. Естеріңізге сала кетейік,

қаңтарда алдағы 2 айда елдегі бағаның өсуі 5,8% болады деген болжам жасалған еді»,

— дейді ҚҚҚ мамандары.

2020 жылдың ақпанында жылдық инфляция осы деңгейде болуы(5,8%) керек еді. Қалай дегенмен де бір жыл бұрын осындай орташа және медианалық болжам жасалған. Көріп отырғанымыздай сарапшылардың болжамы дәл келмеді.

Сарапшылар ЖІӨ-нің өсетініне сенімді

2019 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсуі 4,5% құрады. 2019 жылы экономиканың өсу қарқынының болжам жасалған мөлшерден артық болуы 2020 жылғы болжамға оң әсер етті. ҚҚҚ сауалнамасының нәтижесіне сүйенсек, ЖІӨ өсімі бойынша болжамдар ақпан айында 3,9%-дан 4,1%-ға жақсарған.

«Айта кетейік, 2019 жылдың басында Қазақстан үкіметі ЖІӨ өсімі 3,8% деңгейінде болады десе, Дүниежүзілік банк не бәрі 3,5%  күткен. Ал  Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов 11 ақпандағы үкімет отырысында  2020 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 4,7-5% құрайды деп мәлімдеген болатын», — дейді Қазақстан қаржыгерлері қоры.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз