Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Сарапшының пікірінше Қазақстанда қиын кезең басталады

827
Сурет: akorda.kz

Саясаттанушы Санат Кушкумбаевтың пікірінше республика жаңа қиындықтарға тап болды. Оларды еңсеру үшін мемлекеттік органдар бірлесіп, қызу жұмыс істеуі керек.  Жақында өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев айтты. Қордайда болған оқиға тез әрі сапалы түрде шешімін табуды қажет ететін мәселелер қатарын көрсетті. Бұл туралы сарапшы 365info порталына берген сұхбатында айтты.

Алда артқарар жұмыс көп

— Санат Кайрслямович, Қауіпсіздік Кеңестің отырысында сіз неге назар аудардыңыз?

— Ең алдымен бұл отырыс ең қажет уақытта өтті. Қазір Қазақстанда қиын кезең орын алды. Сондықтан күн тәртібіне ішкі және сыртқы саяси тақырыпқа қатысты бірнеше мәселе қойылды. Олардың негізгілері — Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жағдай мен коронавирустың таралуы. Бір қарағанда екі түрлі мәселе болса да, бірақ екеуі де ел мен қоғамның қауіпсіздігі мен тұрақтылығына тікелей қатысты.

Барлығы Тұңғыш Президенттің  Қазақстанның оңтүстігінде болған жағдайға қатысты пікірін күтті. Елбасының бұған қатысты алаңдаулы екені түсінікті.

— Қандай мәселе Елбасын көбірек алаңдатып отыр?

— Тұңғыш Президент Қазақстанды 30 жылға жуық басқарды, әрине ол бұл жағдайға қатысты бейжай қарай алмайды. Осы жылдар барысында оның жүргізген саясатының негізгі бағыты этносаралық келісім, тұрақтылық пен тәуелсіздік болды. Ал

Қордай ауданындағы оқиға стратегиясы мен саясатына қауіп төндірді

Бұл Елбасының ғана емес, оның бағытын жалғастырған Қасым-Жомарт Тоқаевтың да саясаты еді

Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Назарбаевтың осыған қатысты тікелей тапсырмалар берді.

Ең алдымен ол қақтығысты жан-жақты талдауды тапсырды. Осындай жағдайлар болашақта қайталанбасын десек, қолымызда бар құралдарды пайдаланып, жан-жақты шаралар қабылдауымыз керек. Бұл жұмысқа Қазақстан халқы Ассамблеясын да қосу керек деп Назарбаев нақты айтты. ҚХА  болған оқиғаға әсер ете алмады, дегенмен ол саяси орган. Бірақ осындай жағдайда билік жоғарыдан төмен бірігіп жұмыс істеу керек.

Жастар саясатын қайта қарау керек

 

— Елбасы айтқан екінші мәселе  қажетті құқықтық шараларды қабылдау.

Барлық кінәлілерді анықтап, жазалау керек

Бұлтартпас жаза  — қоғамға (біріншіден зардап шеккендерге) мемлекет пен заңның әділдігін көрсетеді.

Азаматтар әділдіктің бар екенін біліп, қауіпсіздікте екенін сезінуі қажет

Трагедия Қазақстанның тыныштығын бұзды,  сондықтан барлық шаралар қысқа мерзімде сапалы және қоғамға ашық түрде жүргізілгені дұрыс.

Қазіргі кезде Қазақстан өтпелі кезеңде тұр. Әрине Тұңғыш Президент еліміздің тыныштығын қазақстандықтар мақтанышпен қарайтын мұра ретінде қалдырғысы келетіні сөзсіз. Ол жайдан жай  тоқсаныншы жылдарды еске түсіріп, өткен тарихымызға  көз жүгірткен жоқ. Бұл шынымен де өте қиын кезең болды,

посткеңестік кеңістіктегі елдердің барлығында этносаралық қақтығыстар белең алып, тіпті азаматтық соғысқа дейін жетті

Біз қиын кезеңді бастан кешірсек те, үлкен қақтығыстарға жеткізбедік. Ал 30 жыл өткеннен кейін жаңа қауіпке тап болдық.

— Бұл қиындықтарды қалай еңсеруге болады?

— Естеріңізге сала кетейік, Қордайдағы оқиғаға негізінен жастар қатысқан. Сондықтан тәрбие жұмыстарын жүргізіп, оларға Қазақстанның этносаралық саясатының құрылуына себеп болған құндылықтарды жеткізуіміз керек.  Жастармен жұмыс барысында олқылықтар жіберіп алғанымыз түсінікті.

Осындай  жағдайларды  өз пайдасына жаратуға тырысатын қауіпті күштер көп. Назарбаев пен Тоқаев

жағдайды ушықтырып, пайда көргісі келетін

саяси немесе басқа да арандатушылар туралы жайдан жай айтқан жоқ. Сондықтан құқық қорғау органдары үлкен жұмыс атқаруы керек. Халықтың көкейінде  шешімін таппаған мәселе көп.

Қауіпсіздік кеңесінің отырысында коронавирусқа қатысты да сөз болды. Проблема жаһандық сипат алды, тіпті ДДСҰ да өз бағасын берді. Бірақ коронавирус адамдардың денсаулығына ғана зиян келтірген жоқ. Індет қазірдің өзінде жаһандық экономикаға да өз әсерін тигізіп үлгерді. Қанша дегенмен Қытай қазіргі экономикалық тұрақтылықтың діңгегінің бірі, бұл мәселе экономикалық қауіпсіздікке тікелей әсер етеді. Сондықтан мемлекеттік органдар дәл қазіргі сәтте қандай шаралар қолдану керегі туралы терең ойлануы керек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз