Қазақстандық әншілердің ескі видеосы желіге жарияланды. Жұбаныш Жексенұлының әніне билеген жұлдыздар көпті күлкіге қарық қылды.
Видеоны әнші Бағлан Әбдірайымов желіге жүктеді.
Кадрдың 2008 жылы түсірілгені жазылған. Жұбаныш Жексенұлы ортада ән айтып тұр. Оның әніне танымал өнер адамдары билеу үстінде.
Әсіресе, көзге Қайрат Нұртастың биі ерекше көрінеді. Бүгінде сабырлы әнші 10 жыл бұрын жастықтың отымен лаулап тұр.
Желі қолданушылары арасында баяу әнге жұлқына билеген Қайраттың биін сынға алғандар да бар.
“Бәрі жас, он жылдан аса уақыт бұрын екен”, “Қайрат неге баяу әнге билеп тұр?”, “Жастықтың буы шығып тұр”, – деді олар.