Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Алғыс білдіреміз

133

Біз, «Қазфосфат» ұжымы, аталған шешімді үлкен тебіреніспен қабыл алдық.Себебі, Мемлекет басшысы қашан да ел экономикасының алға басуына, оның ішінде өнеркәсіптің жаңғыруына басым көңіл бөліп келді. Жыл сайынғы халыққа Жолдауларында, мемлекеттік бағдарламаларында да аталған сала үшін жаңа мақсаттар мен міндеттер айқындауды қалыс қалдырған емес .

«Қазфосфат» ұжымы – осындай Елбасы бағдарламаларының нәтижесінде ТМД мемлекеттері арасындағы фосфорлы өнім өндіретін жетекші компанияға айналды.Біздің өнімдер Шығыс және Батыс Еуропаға, ТМД елдеріне, Қытайға және тағы басқа 30-ға жуық мемлекетке экспортталуда.Ұжым қызметі әрдайым шикізат өңдеудің сапалы деңгейін көрсететін жоғары технологиялық тауарлар өткеруші ретінде Қазақстан Республикасының бедел-бейнесін жасауға бағытталды.

Мемлекет басшысы қарапайым еңбек адамдарының әл-ауқатына, тұрмыс сапасының артуына да басымдық берді.«Қазақстанның әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауынан туындайтын міндеттерге сәйкес, кәсіпорын қызметкерлердің ең төменгі жалақысы 42500 теңгені құрады. Бұл еңбек адамдарына жасалған үлкен қолдау деп білеміз.Үш онжылдыққа жуық уақыт аралығында Елбасының кемеңгер саясатының арқасында ел экономикасы қомақты көрсеткіштерге қол жеткізді.

Біз «Қазфосфат» ұжымы, Нұрсұлтан Әбішұлының кемеңгер саясатына, ерен еңбегіне, мемлекет үшін атқарған орасан қызметіне зор алғыс білдіреміз!Біз Елбасымен әрдайым біргеміз!

«Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымы

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз