Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

Қазақстанда балалы отбасыларға кешенді қолдау көрсету жұмыстары басталды

212
Қарақат Әбден. astana.gov.kz

Бүгін әлеуметтік қолдау 5 санаттағы отбасыларға көрсетіледі: 1 жасқа дейінгі балалары бар аналар мен отбасыларға; көпбалалы отбасыларға; мүгедек балалары бар отбасыларға; аз қамтылған отбасыларға; асыраушысынан айырылған және балаларды қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа алған отбасыларға.

Алайда, мәслихат депутаты барлық бағдарламалар қолдау шараларын кеңейтуді талап етеді деп есептейді. Оның ішінде, төлемдердің монетарлық бөлігі артуы мүмкін.

“Қазақстанда бүгінгі таңда балалы отбасыларды кешенді қолдау бағдарламасы бар, ол мемлекеттік жәрдемақылар, әлеуметтік төлемдер, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралар мен салық салу кезіндегі жеңілдіктер жүйесін қамтиды. Бірақ, жаһандық экономиканың әсерін, инфляциялық үрдістерді, урбанизацияны ескере отырып, қолда бар қолдау көлемі пысықталып, кеңейтілуі тиіс”, – деп атап өтті Қарақат Әбден.

Оның айтуынша, ең алдымен төлемдердің монетарлық бөлігі артуы мүмкін.

“Қазақстандық жүйе азамат өмірінің барлық кезеңдерінде бірқатар қолдау шарасын қарастыратынын мойындау керек. Төлемдер мөлшері ұлғайтылып, алу жүйесі жеңілдетіліп, бюрократиялық іркілістер жойылған жағдайда, әртүрлі өмірлік жағдайлар көзделген деп есептеуге болады. Барлық әлеуметтік төлемдер жыл сайын инфляция деңгейіне индекстеледі”, – деді Қарақат Әдбен.

Жалпы, депутаттың пікірінше, ана мен баланы әлеуметтік қорғау шеңберінде қабылданып жатқан шаралар, тіпті қазіргі төмен мөлшерлерде де ел халқының демографиялық өсуіне оң әсерін тигізді.

“Соңғы 10 жылда туу көрсеткіші 10%-ға артты”,

– деді ол.

Мәслихат депутаты Қазақстанда әрбір азамат тегін медициналық көмек ала алатынын атап өтті. Осының бәрі тегін медициналық көмектің кепілді көлемі деп аталады.

Естеріңізге сала кетейік, тегін медициналық көмек ҚР азаматтары мен оралмандарға бюджет қаражаты есебінен ұсынылып, барынша дәлелденген тиімділігі бар профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтерді қамтиды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз