Төреғали Тореәлінің қайтыс болғаны туралы жалған ақпарат оның жанкүйерлерін ғана емес, шоу-бизнес жұлдыздарын да таң қалдырды. Танымал актриса Жанар Айжанова қауесетті естіп, эмоциясын жасыра алмады.
Бүгін түнде «Төреш жол апатынан қайтыс болды» деп, елді дүрліктірген адамдар, сендер өзі обал-сауап дегенді білесіздер ме? Құдайдан қорықпайсыздар ма? Біреудің баласында не ақыларыңыз бар? Ата-анасы былай тұрсын, мен өзім естігенде отырған орнымнан тұра алмай қалдым. Төреш дін аман екен, Алла ұзағынан қылсын, жасың ұзақ болсын, өсіп-өркендей бер!
Естеріңізге сала кетейік, 22-ші қаңтарда әлеуметтік желілерде атышулы әнші жол апатынан қаза тапты деген ақпарат тараған болатын. Қуанышымызға орай, бұл жай ғана қауесет болып шықты. Қауесетті жоққа шығарып, Төреғали Төреәлі жанкүйерлеріне «Мен тірімін!» – деген жазба қалдырған.