Алматыда белгісіз гипноздаушылар зейнеркерлер жаппай гипноздаушылардың құрбанына айналуда.
83 жастағы Суфия Ильясованың айтуынша,
ол алаяқтың гипнозы түсіп, 300 мың теңгесін берген.
Зейнеткер оқиғаның осыдан бірнеше күн бұрын болғанын айтты.
Әжей дүкенге шыққанда оның қасына белгісіз ер адам келіп, әкімдіктен екенін айтқан. Содан кейін олардың әңгімесіне өзін әлеуметтік қызметкер деп таныстырған келіншек кеп қосылған. Әйел әжейді үйіне дейін шығарып салатынын айтыпты.
Әжейдің айтуынша, әлеуметтік қызметкер өзін Гүлмира деп таныстырып, әжейдің қиын күндерге жинаған қаржысының бар-жоғын сұрапты.
Сол кезде зейнеткер жинап қойған 300 мың теңгесінің барын айтқан.
“Гүлмира менен “Ал ақшаңыз қай жерде?” деп сұрады. Ал мен болсам, “Қазір әкелемін” деп кеттім де, барлық жинаған қаражатымды қолына ұстата салдым”, – дейді Суфия Ильясова
Сондай-ақ
Алматы тұрғыны алаяқтар кеткен соң біраз уақыт өз қалпына келе алмаған.
Қазіргі уақытта бейне бақылаулар арқылы зейнеткердің үйден жалғыз шығып, белгісіз әйелмен қайта кіргені көрінеді. Сәлден соң жас әйел қолындағы конвертті сөмкесіне тығып, үйден тезірек шыққаны анықталған.
Алматы полиция департаментінің реси өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, қазіргі уақытта алаяқтар іздестіріліп жатыр екен.