Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Өзін-өзі тонамақ болғандардың өтірігі әшкереленді

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Жеке компанияда жұмыс істейтін 38 жастағы жүргізуші-экспедитор оңай олжаға кенелмек болып  алдын ала жоспар құрыпты. Екі танысымен бірге шұжық пен ірімшік саудасынан түскен 5 миллион теңгені қалтаға баспақ болады. Осы мақсатта «қарулы қарақшылар жолда тап берді» деп полицияға қоңырау шалған. Жағдайды жан-жақты тексерген жедел іздестіру тобы экспедитордың өз жауабынан өзі шатасып тұрғанын байқап қалыпты. Осылайша әшкере болған үшеудің үстінен іс қозғалып, сот шешімімен үй қамаққа алынды.

“Танысымның ұсынысы ұнап кетті. 5 миллионды тең бөліп алмақшы болдық. Үшеуміз бірнеше рет кездесіп ақылдастық.Павлодарға апарған тауардың ақшасын алып келуге шыққанымды айтып, Астанада кездестік. Қазір осы ісіме өкініп отырмын”, деді күдікті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз