«Желтоқсан ақиқаты»республикалық қоғамдық бірлестігі 2010 жылы Өскеменде Желтоқсан көтерілісінің құрбандарының бірі – Сәбира Мұхаметжановаға өзі оқыған педагогикалық колледждің бұрышына мәрмәр ескерткіш тақта қойған болатын.
2016 жылы Желтоқстан көтерілісінің отыз жылдығына орай Шығыс Қазақстан облысындағы Аягөз қаласында «Тәуелсіздік тағылымы» атты ескерткіш бой көтерді.
2017 жылы «Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нүкен Бейсенғазы Сəдуұлының бастамасымен және ұйым мүшелерінің қолдауымен Алматы облысы, Райымбек ауданы, Ұзынбұлақ ауылында Желтоқсан көтерілісінің қаһарман қызы Сұлухан Назароваға ескерткіш тақтайша орнатылды.
Күміс Күргенбаева,
«Желтоқсан ақиқаты» бірлестігінің Алматы қалалық филиалының төрайымы