Димаш Құдайберген «Титаник» фильміндегі «My Heart Will Go On» хит әнін орындады.
«Джеки Чан бастаған бірінші халықаралық кинофестивальдін қызыл кілемінде. Хайнань», – деп жазады әнші өзінің инстаграмдағы парақшасында. Сондай-ақ ол «Сахна – менің жаным демалатын орын», – деді.
Тыңдармандар Димаштың бұл әнді орындауын өз деңгейінде орташа деп бағалаған. Бірақ соның өзіне ұлы әнші танылған Димашқа ешкім жете алмайтынын жеткізген. Мүмкін уақыт тығыз боп кеткен шығар деп түсіністікпен қарағандар да болды. Кейбіреуі түпнұсқадан ауытқыған жерін қабылдай алмай жатқандарын да айтты. Бірақ Димаш кез келген әнді әрқашан өзіндік орындауда басқаша жандандырып, тіпті керемет қып жіберетін қасиетке ие. Бұл жолы да солай болды!
Еске салсақ, Димаш Құдайберген Қытайдың Санья қаласында «Әлем аруы-2018» байқауының финалында қазақ тіліндегі «Ұмытылмас күн» атты әнін шырқады. Біз бұдан бұрын Димаш Құдайбергеннің биылғы «Әлем аруы» байқауында өнер көрсететінін жазған болатынбыз.