Шығыс Қазақстан облысы аумағында өткен “Stop трафик” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде жас келіншекті пәтерде қинап ұстап, клиенттер әкеліп отырған облыс тұрғыны анықталды.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары 39 жастағы Өскемен қаласының тұрғынын құрықтаған.
Ол 26 жастағы келіншекті 2018 жылдың мамыр мен маусым айларында жезөкшелікке мәжбүрлеген.
Қазіргі уақытта күдіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің 3 бөлімінің 126 бабы 2 тармақшасы және 1 бөлімнің 308 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.