Үйленгеніне 18 жыл толғаннан кейін асыға күткен атұстары дүниеге келген Заттыбек Көпбосынұлы өзіне тілеулес болған көпшілікке алғыс айтып, көзіне жас алды.
“Үйленгенімізге 10 жыл болғанда қызды болдық. Ол үшін Аллаға мың да бір шүкір. Қызым жетіге таяп қалды. Енді, міне алты жылдан кейін ұлды болдық. Менің қазіргі хал-күйімді тілмен айтып жеткізу қиын.
Барлығына ризамын. Алладан сұрадық. Менімен бірге ел сұрады. Батасын беріп, тілеулес болды. Кеше “ұлды болдым” деген кезде танымайтын қаймана қазақтың өзі тілегін білдірді.
Бұл мен үшін бақыт. Қатты толқып тұрмын”, – деді көңілі босап кеткен Заттыбек Көпбосынұлы.
«Түрсиі де жоқ…». Асүйдегі келіншектің қылығы елді шошытты (фото)
Әнші ұлының есімін Бихан деп қойыпты.
Айта кетейік, Заттыбек Көпбосынұлы қырықтан асқан шағында ұлды болып, келіншегі мен баласын перзентханадан лимузинмен шығарып алған болатын.