Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) Атқарушы комитетінің Токиода 30 қарашада өткен жиналысында Токио-2020 Олимпиадасында бокс жарыстарын “тоқтату” туралы шешім қабылданды.
ХОК AIBA-ға қатысты зерттеу жүргізе бастады, түпкілікті шешім соның негізінде қабылданады.
Тәуелсіз бақылаушылардың болжамдарына қарағанда, AIBA ХОК мүшелігінен шығарылып, бокс олимпиадалық мәртебесінен айрылады.
Зерттеу қорытындысы келесі жылы маусым айында Лозаннада ХОК жиналысында жарияланады.
Еске салайық, АҚШ Әділет минстрлігі Рахимовты санкция тізіміне енгізіп, оны “трансұлттық мафияға” қатысы бар деп айыптады. Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримов билігі тұсында өзбек билігі оған іздеу жариялаған. Елдің қазіргі билігімен Гафуров жақсы қарым-қатынас орната білді.