Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

“Ойлансын!..”. Сапарбаев орамал таққан оқушылардың ата-анасын қамап қоюды ұсынды

234

Ақтөбе әкімінің орынбасары Гүбаршын Айдарханованың айтуынша, жыл басында 43 қыз орамал таққан. Қазір олардың 15-і орамал тағады. Бұл – 10 отбасы. Үш қыздың әкесін 3-4 күнге қамауға алды. Мектеп ережесін бұзғаны үшін 4 ата-анаға айыппұл жазылды. Басқаларына құжат жасады.

“Бұлар өте қиын отбасылар. Біз олармен жұмыс істеп жатырмыз. Үйіне барып сөйлестік. Олармен ардагерлер де сөйлесті”, – деді әкім орынбасары.

Бердібек Сапарбаев ата-аналарды сабақ алу үшін біршама уақытқа қамауға алу керек екенін айтты.

“Мұндай оқушылардың әкелерін 10-25 күнге дейін қамау керек. Ойланып көрсін. Балаларының болашағын ойласын. Ең үлкен жұмыс – тәрбие беру. Ақтөбеде сәл бірнәрсе болса, бүкіл Қазақстан шулап кетеді”, – дейді Сапарбаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз