Нұр-Сұлтан
Қазір
-10
Ертең
-8
USD
524
0.00
EUR
545
0.00
RUB
5.11
0.00

Қапшағайдың жылу жүйесі қызметінің тарифі 77 процентке төмендетілді

377

Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының ғимаратында Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті ұйымдастырған тұрғындармен қоғамдық қабылдауында айтылды.

– Биыл Алматы облысы прокуратурасы мен Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті мамандарымен «Қапшағай жылу» мемлекеттік мекемесіне тексеру жұмыстарын жүргізген болатын.

Соның нәтижесінде департаменттің бұйрығымен, осы жылдың қазанынан бастап, бекітілген тарифтерді 77 пайызға түсіру бұйрығы шықты. Бұл қабылданған шаралар бүгінде сотта қарастырылуда. Сот ісі аяқталған соң, қосымша халыққа нәтижесі жария болады.

Қазіргі таңда аймақ тұтынушыларға орта есепті бағамды уақытша тариф көрсеткіші құралдары барларға 1 Гкалға 764 теңге болды. Сонда 2 565,92 тенге арзандады. Есептегіш құрылғылары жоқтарға 1493 теңгеге төмендеді. Ол 5012 теңгеге арзандағанды байқатады» – дейді аталған департамент бөлімінің басшысы Айжан Сәрсембайқызы.

Бүгінде Қапшағай қаласында 238 көп қабатты үй болса, оның 214-і есептегіш құралмен қамтылып, қалған 24-інде жоқтың қасы.

Жалпы, халыққа арналған қоғамдық қабылдауға келген департамент мамандары алдыларына келген тұрғындардың мәселелерін тыңдап, өздерінің тұщымды кеңестерін беріп, көпшілік ішінен наразылық білдіргендерден жазбаша өтініш-арыздарын да алды. Алдағы уақытта, олардың талаптары тиісті мекемелермен қарастырылып, сол азаматтарға нақты жауаптар жазбаша күйінде жеткізілмек.

Одан басқа, көгілдір отынға қосылуға, жер үйлерге де орталықтандырылған жылу жүйесі жүргізілсе деген өтініш-тілектерде болды. Оған да департамент мамандар өздеріне қатысы жоқ болса да бұған да бей-жай қарамай, қара халықтың уәжін мұқият тыңдап, оған жауапты мекемелерге тілектерін жеткізетінін айтып тарасты.

Өткізілген қоғамдық қабылдауға Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Гүлнәр Әділқызы, аталмыш департамент бөлім басшысы Айжан Сәрсембайқызы, «Қапшағай Су Арнасы» директоры Мәди Темірәлиев, «Қапшағай жылу» мекемесінің басшысы Сейдахмет Даданбеков және БАҚ өкілдері қатысты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз