Желіде Тұрсынбек Қабатовтың әйелімен құшақтасып тұрған видеосы тарап кетіп, ел арасында қызу талқы тудырды. Танымал әзілкештің отбасылық фотосессия кезіндегі әрекеттері көптің көңілінен шыға қоймаған сияқты.
Ғаламтор кеңістігіне таралып кеткен бейнежазбада Тұрсынбек Қабатов әйелін құшақтап, сүйіп тұрып суретке түсіп жатқаны көрініс табады.
«Отағасы қоймайды…». Тұрсынбек Қабатовтың әйелі біртүрлі жазба жариялады (видео)
Желі оқырмандары танымал әртістің қылығын ерсі санап, оны әлеуметтік желілерде сынап жатыр.
“Қартайған шақта не істеп тұр елдің алдына шығып, әйеліне үйінде жабысса қайтеді. Осы Тұрсынбек өз қадірін әбден түсіріп бітті”, “Мыналарға не болған соншама жабысып, ұяттан жұрдай”, “Мынау несі? Ұят қайда?”,
“Өте ерсі, енді аймаласқандарын салғаны қалып еді”, “Тұрсынбекке жараспайды екен. Басқа образда көрген тым ерсілеу”, “Бұлардың отбасын жақсы деуші едім. Бірақ мыналары енді тым ерсі” , – деді желідегілер.
«Бағым жанбады». Ақбота Керімбекова жеке өміріне қатысты шындығын айтты
Отбасылық фотосессияда түсірілген видео Instagram желісіндегі kaz_stars парақшасында жарияланған.