Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

“Сұмдық қой!”. Қыз-келіншектер түсік тастатын қытай дәрісінен сорлап жатыр (видео)

6267

Ал Астанадағы ахуал қандай? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Үйленемін» деп құрғақ уәдені үйіп-төгіп, дегеніне жеткен соң тайқып шығатын  ер адамдар көбейген бұл күнде.

Астаналық бойжеткен сондай жауапкершіліктен жұрдай жігіттердің біріне алданған. Некелеспей жатып от басып, тығырыққа тірлеген ол соның күштеуімен құрсағына біткен баладан қытай дәрісін ішіп әп-сәтте құтылыпты.

«Ойламаған жерден аяғым ауыр болып қалды. Жігітім аборт жаса деп айтты. Бірақ келіскім келген жоқ. Қайдан алғанын білмеймін бірақ белгісіз бір қытайдың дәрісін алып келді. Сол дәрілерді енді амал жоқ қабылдадым» – дейді қала тұрғыны.

Жатырдағы бейкүнә шарананың өмірін бір-ақ сәтте үзетін дәрі дәріханаларда да бар. Алайда, рецептпен ғана босатылады.

Құрсағындағы шақалақ тұрмақ, өзін де аямайтын бұрымдылар арасында түсік жасайтын препараттарға сұраныс жоғары. Бірақ, оны дәріханадан ала алмағандар базарларды торуылдап табады.

Сатушының сөзінше, мұндай дәрілер 2 айдан асқан жүктілікті жояды. Оны сатып алушылар да аз емес екен. Ал, кейде қытай препараты газеттегі жарнамалар, көшедегі хабарландырулар, тіпті емші-бақсылардан да табылатын көрінеді.

«Қолдан жазған негізі хабарландыруға объявление арқылы, газетке шығарады неше түрлі. Оған сенуге болмайды. Әрбір дәрі қандай болмаса да оның зияны болуы мүмкін. Жаңағы тем более заңсыз әкелінген дәрілерді. Енді ол көбінесе Қытайдан әкелінген дәрілер болады. Бірақ бізде тіркелмегеннен кейін оны сатуға негізі заң бойынша болмайды» – дейді «Аман-саулық» қоғамдық қорының төрайымы Бақыт Түменова.

Қытай дәрісінің бізге қалай жеткізіліп жатқаны белгісіз. Алайда, мамандар олардың кеденнен контрабандалық жолмен жасырын өткізілетінін айтады. Статистикаға жүгінсек, былтыр елімізде 30 мың түсік тіркелген.

Оның 5%-ын ғана дәрігерлер белгілі себептерге байланысты алдырып тастауға кеңес берген.

Ал, көшедегі белгісіз біреудің қолынан алынған препаратпен түсік жасау аса қауіпті. Себебі, оның құрамында кеміргіштерге арналған улы қоспалар бар әрі олардың дозасы жоғары дейді мамандар.

«Ол біздің дәріханаларда, мынау барлық бар. Ол да шынымен Қытайдың дәрісі Қытайда жасалады. Бірақ та оның дозасы және схемасы мына клиникалық протоколда толық жазылған.

Егер сол доза бойынша дәрігердің ұсынысымен,дәрігердің тек бақылауында ондай медициналық түсік жасалса бұл негізінен ең тиімді безопасный дейміз жүктілікті үзу тәсілі болып табылады» – дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасының жанұяны жоспарлау бойынша маманы Жанерке Ажатова.

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, дүниежүзінде түсіктен көз жұмғандар 14 %-ды құрайды. Оның көбісі 20-ға толмаған бойжеткендер.

Ал, түсік салдары жатыр жарақатына шалдықтырады. Еліміздегі бұндай науқастардың саны бүгінде 12500-ге жеткен.

Қауіпті қытай дәрісін кеденнен кедергісіз өткізіп, талайдың тағдырына аяусыз балта шабатындар жазасыз қала ма?

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз