Үшінші рет ажырасқан Ақбота Керімбекова енді бар күш-қуатын шығармашылығына жұмсауда. Әнші жылап-сықтауға уақыты жоқ екенін айтады. Себебі қызмет ететін балаларым мен халқым тұрғанда өзгеге уақыт таба алмаймын, дейді.
“Алла Тағала адамға сынақ береді. Басыңа іс түспесе, ақ пен қараны ажырата алмасаң, сары мен жасыл деген дүниелер басыңнан өтпесе, әрі қарай ұмтылу қиын шығар.
Осымен бақыттымын деп бір орында өмір сүріп жүретін адамдар бар. Алланың берген әрбір жарық күніне шүкір деп, тәубешілік етіп өмір сүріп, ұрпағым, ел-жұртымыз үшін қызмет ету – міндетім деп білемін. Сол себепті артқа қарап, жалтақтап, жылап-сықтауға уақытым жоқ. Тек алға.
«Ажырасқаны рас екен…». Ақбота Керімбекова тойға жалғыз келді (фото)
Барша халыққа айтарым, өмір осынысымен қызық қой. Бірде құлайсың, бірде жылайсың, бірде қуанасың. Ешкімге ренжімей, өкпелемей, анда-санда көздің жасын бір сығып алып, Аллаға шүкір деп әрі қарай өмір сүре берейік”, – дейді Керімбекова Анна Данченкоға берген сұхбатында.
Ақбота бұған дейін жеке өміріне қатысты шындықты айтты. Үшінші рет бақытты болуға тырысқанын, алайда қолынан келмегенін жасырмады. Ендігі әнші жеке өмірді құпия сақтауды жөн көреді.
«Күйеуімді сатып алған жоқпын!». Ақбота Керімбекова халық сынына жауап берді
Себебі: “Бұрындары сенбеуші едім, тіл-көз деген бар. Қанша мықтымын деп жүрген күннің өзінде жағымсыз сөздің өздері жүректі ауыртатын сәттер болады. Әрі қарай тек шығармашылықпен жұмыс істейміз”, – дейді Керімбекова.
Әйткенмен, әнші махаббаттан күдерін үзбейді. Себебі махаббатсыз өмір бос. Әрі өнер адамының өмірінде махаббат болмаса, әдемі туындылардың дүниеге келуі екіталай, дейді әнші.
«Қозып жүрген сияқты». Кәмшат Жолдыбаеваның әрекеті қызу талқыға түсті
“Бұл әлем махаббаттан тұрады. Жер бетінде махаббат, мейірімділік болмаса, біз күліп-ойнап жүрмес едік.
Бұрынғыдай ғашық боламын деп айта алмаймын. Аузы күйген үрлеп ішеді деген, қанша үрлесек те күйіп қала береміз ғой. Дегенмен ұнату деген болады.
Өнер адамының басынан өту керек. Өйткені ән шықпайды, сурет шықпайды. Бәрін жаман дей берсек, өмір сүру қызық болмайды. Алланың берген мейірімділігін әдемі қып сақтауға тырысайық”, – дейді Керімбекова.