Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

“Путин мұның қалай?”. Ресейдегі 3 миллион өзбек оңбай опық жеді

426

Алайда жасалған келісімдерге қарамастан, еңбек миграциясы саласындағы жағдайдың жақсаратын түрі жоқ.

Өзбекстаннан келген жұмысшылардың басындағы қиындықтар туралы Демократия және адам құқықтары институтының еңбек миграциясы жөніндегі сарапшысы Шухрат Ганиев әңгімелеп берді.

Мигранттар азаяр емес

Біздің күтілімдерімізге қарамастан, жаңа президенттің елді басқарғанына екі жыл болса да Өзбекстаннан келетін мгранттарға қатысты жағдай өзгерер емес.

Баяғыдай, көктем басталысымен біздің отандастырымыз Ресейге қарай ағылады, ал бұл жақтан олардың отбасына миллиардтаған қаржы ағылады…

«Назарбаевты тыңдапты…». Мирзияевтың не істегенін білесіз бе?

Ешқандай ғажар дүние орын алған жоқ, билік үнемі сөз еткен мыңдаған жаңа жұмыс орындары, ақыры,ашылған жоқ. Ал ел экономикасының дамуы, шынын айтсақ, көңіл көншітер емес.

Еліндегі отбасына миллиардтаған қаржы аударатын Өзбекстан мигранттары сол баяғыдай, ең ірі инвестор ретінде қалып отыр. Олар жыл сайына еліне жалпы сомасы 4 млрд долларға дейінгі қаржы аударады.

Ресейде жұмыс істейтін Өзбекстан азаматтарын заңдастыру мәселесін зерттеген тәуелсіз сарапшылардың мәліметтері бойынша, гастарбайтерлердің 68-70% әлі күнге дейін заңсыз жұмыс істеп жүр. Егер бұл көлемді цифрға айналдырсақ, қазіргі таңда 2-2,5 млн адам Ресейде заңсыз жұмыс істеп жүр.

Орталық Азияға миллиардтап қаржы құйған Ресейдің мақсаты не?

Атап айтарлығы, бұл тенденцияның өсу байқалады. Алдағы жылғы науқанда – көктем-жаз айларында олардың саны бұдан да арта түспек. Бұл адамдар Ресей экономикасының түрлі салаларында еңбек етеді. Дегенмен оларды негізінен құрылыста, саудада, қызмет көрсету саласынан көруге болады.

Негізінен біліктілігі төмен өзбек гастарбайтерлері баяғыдай ең ауыр әрі қарапайы жұмыстарды атқаратын болады.

 

Атап айтарлығы еңбек нарығының осы сегментінде Ресей азаматтары қатарынан оларға бәсекелес болатын ешкім табыла қоймас. Сондықтан олар бұрынғыдай ең ауыр және қарапайым жұмыстарды атқарып жүре бермек.

Өйткені қазір Ресей экономикасына біліктілігі неғұрлым жоғары мамандар қажет. РФ мекемелерінің ондай мамандарды дайындау динамикасына назар аударсақ, олар өздерінің мамандықтары бойынша жұмыс табуға толық қабілетті.

Елдегі орын алмақшы зейнет реформасы салдарынан, ресейлік зейнеткерлердің жұмыс істеуді жалғастыруға деген ұмтылысы жақын уақытта өзекті мәселелердің біріне айналуы әбден мүмкін.

Заңдастырған жөн

Билік түрлі уәделерді үйіп-төккеніне қарамастан, жұмыс беруші әлеуетті зейнеткерлерден құтылуға тырысады. Міне, халықтың осы бөлігі аула сыпырушылардың, күзетшілердің және қара жұмысшылардың орнына таласа бастауы ғажап емес.

«Өзбек неге озды?». Экономист қандай шындықты айтты

Өзбек билігі, атап айтқанда, еңбек және еңбекпен қамту министрлігі Ресейге ағылған заңсыз миграция деңгейін төмендету мақсатында бір қатар ұсыныстар дайындады.

Мәселен, еңбек министрлігінің бақылауымен РФ жұмыс берушілермен ӨР азаматтары арасында тікелей еңбек контрактілеріне қол қою әдісі ұсынылып отыр.

Бірақ бұл әдістің нәтижесі келесі нәрсені көрсетіп отыр: ресейлік жұмыс берушілер Өзбекстан азаматтарына қандай қамқорлық көрсетілетіні, қандай жағдайлар жасалынатыны туралы ешқандай ақпарат бермейді немесе контрактілердің ондай пункттеріне мүлдем назар аудармайды.

Сонымен қатар, атқарылған еңбекке төленетін ақының сәйкестігін бақылайтын механизмдер де пысықталмаған.

Ресей Федерациясында жұмыс істейтін Өзбекстан Республикасы азаматтарын зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім, әлбетте, еңбек мигранттарының қызығушылығын тудырды. Бірақ осы орайда көптеген сұрақтар туындайды. Ең алдымен, олар, шамамен, 3 миллионға жуық гастарбайтерлер армиясының заңдылығына қатысты.

Мен скептик емеспін, бірақ гастарбайтерлерді зейнеақымен қамсыздандыру мәселесіне қатысты пысықталған заң актілерін көріп отырған жоқпын.

«Өзбектің Қазақстаннан озып жатқан түгі жоқ» — дінтанушы

Сондықтан заңсыз жұмыс күшін жеткізуден қыруар пайда көріп отырған өзбек және орыс шенеуніктерге қалыптасқан сыбайлас жемқорлық жүйесінен оңайшылықпен бас тарта қоймас.

Ең алдымен

біз іріктеуден бастап (Өзбекстандағы жұмысқа қабылдау пункттері), жұмыс орнына жеткенге дейінгі Ресейге еңбек мигранттар жеткізудің арналарын заңдастыруымыз қажет.

Біз ресейлік жұмыс берушінің бойында қалыптасқан өзбек жұмысшысына деген стереотипті өзгертуіміз керек. Тек қабылдаушы тарап өздерінің еңбек мигрантына қатысты жауаптылықты сезінгенде, олар үшін Ресей азаматына сияқты жауапкершілік тартатынын түсінгенде, өзбек мигранттарына деген көзқарас өзгеретін болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз