Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Орталық Азияға миллиардтап қаржы құйған Ресейдің мақсаты не?

292

Мәселен, Ресей ауған мәселесін шешуге қатысып қана қоймай, тіпті, Вашингтонмен жарысуда. Міне, осы мәселені шешуде оған Ташкеннің зиянынан пайдасы мол.

Бұдан бөлек, орыс-өзбек арасындағы экономикалық жобалар Ресейдегі гастарбайтерлердің санын елеулі қысқартуға мүмкіндік береді. Құрып кеткенде, жұмыс іздеп, шетел асқандардың кәсіби біліктілігін арттырады.

Ресей не үшін қаржы құйып отыр?

Жақында Владимир Путин ресми сапармен Өзбекстаеға барып қайтты. Сапар қорытындысы бойынша екі көшбасшы алдағы бес жылға – 2019-2024 жылдар аралығындағы экономикалық әріптестік туралы бағдарламаға қол қойды.

«Бетіне айта салам…». Лукашенко Путин туралы ойын алғаш рет ашып айтты

Мұның сыртында, бірлескен аймақаралық форумда бизнесмендер 25 млрд доллардан астам көлемдегі келісім-шарттар жасады. Атап айтарлығы,

Бұл соманың 21 млрд-ын РФ Өзбекстанға инвестициялады.

Ақша бөлінетін жобалар арасында қуаты 2,4 МВТ болатын атом электр станциясы да бар. Одан алынатын энергияны Өзбекстан көрші елдерге экспорттауды деп, жоспарланып отыр.

Сонымен, Ресей құйылған миллиардтаған қаржыны қалай қайтарып алмақ? Бұл тек экономикалық қызығушылық па, жоқ әлде оның арты саясатқа ұласа ма?

Міне, осы сұрақтарға Ca-news порталына сұқбат бергенсаясаттанушы Андрей Грозин жауап беріпті.

Ең алдымен, сарапшы Өзбекстанның Орталық Азия аймағындағы көшбасшы екенін атап өтті.

Ел халқының саны 33 млн-ды құрайды, бұл ресейлік өнімдерді өткізудің үлкен нарығы.

Сонымен бірге, ол өзбек басшысының Ресейге жасаған сапарының нәтижелерін еске салды. Ол кезде агроөнеркәсіп өнімдеріне жол ашу туралы келісім жасалған еді.

«Әбден басынды». Путин Қазақстанды Ресейдің қолшоқпары етпек

Соның арқасында, өзара тауар айналымы бірден 20 процентке артып, 5 млрд долларға дейін жетті.

Иә, өзбек жобалары несиелендірілуде, бірақ, Грозин барлық құйылған қаржы артығымен қайтады деген сенімде.

Сондай-ақ сарапшы экономикалық ынтымақтастық тек мемлекеттік қана емес, сонымен қатар, аймақаралық деңгейде де дамып жатыр. Сөйтіп, екі елдің түрлі аймақтары бір бірімен түрлі салаларда өзара тиімді келісім-шарттар жасасуда.

Гастарбайтерлер саны қысқара ма екен?

Бұл дүниелер Өзбекстаннан Ресейге ағылған гастарбайтерлер ағынын азайтуға септігін тигізе ме, деген сұраққа, сарапшы бұл салада «неғұрлым өркениетті жүйе қалыптасуда», деп жауап берді. Мәселен, өзбек президенті қол қойған құжаттарға сәйкес, еңбек мигранттары елден кетуден бұрын алдын ала дайындық өтеді. Атап айтарлығы, ол дайындықтардың барысында олар тек кәсіби деңгейін шыңдап қана қоймай, сонымен қатар, тілді оқу дайындығынан өтеді.

Екіншіден, олар жанама түрде мигранттар ағынының азаюына әсер етеді. Егер Өзбекстандағы реформалар мен түрлі жобалар жүзеге асып жатса, елден кету себебі азая түседі. Өйткені жұмыс орындары көбейеді, тіпті, жалақының өсіп қалуы да ғажап емес.

«Өзбек неге озды?». Экономист қандай шындықты айтты

Дегенмен ол әлемдік тәжірибеде шетелдік жұмыс ресурстарын көп ретте арнайы тартатынын атап өтті. Бірақ сол жұмыс күшінің біліктілігі жоғары болуға тиіс. Одан ары ол

білімді және «еңбек нарығына қосылған» мигранттарды түрлі сипаттағы жихадшылар қатарына қосып алудың еместігін атап өтті.

Еуразиялық одақ өзбекке керек емес пе?

Өзбекстан неге Еуразиялық экономикаляқ одаққа неге кірмейді деген сұраққа, сарапшы ол Ташкенге керек емес деп, жауап берді. Сондай-ақ басқа бірлестікке де қосылудың қажеті жоқ екенін айтты.

Мұндай ұстаным елдің сыртқы саясат концепциясының соңғы редакциясында да анық көрсетілген. Мәселен Өзбек Республикасы ешқандай әскери блокқа да қатыспайды. Ал халықаралық ұйымдарды таңдау кезінде өзінің егемендігіне тек шектеулі әсер ететіндеріне ғана тоқтайды, оның өзінде қатысуын шектеп отырады.

Грозин ауған мәселесін де назардан тыс қалдырмады. Өйткені, оның айтуынша, Ташкен осы мәселе бойынша «негізгі спикерлердің біріне» айналып отыр.

Атап айтарлығы,

оның бұл мәселеге дербес көзқарасы бар. Ол Мәскеудің ұстанымына жақын болса да өзінің белгілі бір ерекшеліктері бар.

Өзбек тағы озды: Мирзияев уәхабит-салафиттерді қалай құртпақ?

Мәселен, америкалықтарды Ауғанстаннан шығарып тастау соншалықты міндетті емес. Осы орайда, саясаттанушы атап өткендей, ресейліктердің де ұстанымы дәл осындай. Сондай-ақ Мәскеу тек америкалық күштерге ғана емес, жалпы шетелдік контингенттерге солай қарайды.

Есесіне, бұл екі тарап та, келіссөздерге тәлібтерді де қосу керек дегенмен келіседі. АҚШ, әзірше, оған қарсы, бірақ сарапшының пікірі бойынша, олар әзірше дәлізде болса да, бұл көзқараспен келісіп отыр. Өйткені ресми түрде ешкім мұндай пікір білдірген жоқ.

Егер ауған мәселесі табысты шешілетін болса, Ресейдің де, Өзбекстанның да ұпайы түгел болмақ.

Мәселен, Өзбекстан Термез — Мазари-Шариф бағытындағы темір жолды салып қойды. Енді оны сонау Гератқа дейін жеткізбек.

Өзбекте құралақан қалмайды

Орталық Азия жөніндегі сарапшы Аркадий Дубнов Ташкен — ауған мәселесінде жетекші ойыншылардың бірі дегенмен келіседі. Өйткені ресми Кабул да, тәлібтер де онымен қызметтесуге дайын.

Ал Өзбекстанның өзі де өзара қызметтесуге мүдделі, өйткені Ауғанстандағы өзбек диаспорасы саны жағынан үшінші орында тұр. Ал оның елдің солтүстігіндегі ықпалы өте күшті. Міне, осы аймақта Ташкен экономикалық түрлі жобаларды дербес жүзеге асыра алады.

«Путин бұлқан-талқан». Қазақстанның АҚШ-қа жалға әскери база бергені рас па?

Бұл мәселеде Ташкен мен Мәскеу ұстанымдарындағы айырмашылықтарды Дубнов та атап өтті.

Ресей Ауғанстанда бекер жүрген жоқ. Ол Батыспен және АҚШ-пен жарысуда.

Сондықтан бұл мәселеде Өзбекстанның Ресейге зиянынан пайдасы мол. Десек те, өзбек те құр қалмайды, ол орыстың әскери-техникалық қолдауына ие болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз