Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

“Өзбектің Қазақстаннан озып жатқан түгі жоқ” — дінтанушы

157

Бұл бастаманы Орталық Азия елдерінің сарапшы мамандары «Өзбекстан тарапынан басталып жатқан саяси жылымық» деп те баға беріп үлгерген болатын.

Шавкат Мирзияевтің Астанаға келер алдында өте бір қызықты жарлыққа қол қойған еді, бұл Өзбекстан үкіметіне «Қазақтың ұлы ақыны Абай мұрасын зерттеу жөніндегі» жарлық болатын және де Абай Құнанбаевтың шығармашылығын өзбек еліне кеңінен таныстыру керек екендігін нық басып айтқантын. «Ел ішіндегі рухани-мәдени өзгерістерге Абай шығармашылығы жақсы әсерін береді, біз оны пайдалана алуымыз керек», – деп бұл жарлықты орындауға бұйырған. Өз кезегінде Қазақстан елінің көшбасшысы Н.Н. Назарбаев биылғы 2018 жылды «Өзбекстан жылы» деп атап, республика көлемінде 200-ден астам іс-шара өткізуге тапсыра беріп, бұл достық, көрішілестік нышанға өз бағасын берді.

Бұл саяси ишараттар екі елдің соңғы он жылдық тарихындағы болмаған саяси-әлеуметтік, рухани-мәдени интеграциялардың алды болды. Ислам Кәрімов басқарған Өзбекстан саяси изолияция, оқшаулану саясатын ұстанған болса және де осыған дейін Орталық Азия елдері арасындағы болған барлық келісім мен мәселелерді қағаз жүзінде ғана қаралып келген болатын. Енді міне сол қағаз жүзінде болған экономикалық, саяси-әлеуметтік, энергетикалық, трансшекаралық су мәселелері бойынша осы күнге дейінгі болған бірқатар тақырыптар қайта күн тәртібіне шығып отыр.
https://kaz.365info.kz/ozbekstan-degen-el-bar-ma-london-tyrgyndary-shavkat-akany-renzhitip-tastady-256370
Ресми Ташкенттің бұл ұстанған сыртқы саясаты Орталық Азия елдерінің саяси климатына және де экономикалық жағдайларына да оң әсерін берері сөзсіз. Мысалға Қазақстан мен Өзбекстан, Тәжікстан шекарларындағы осы уақытқа дейін жабық тұрған әуе, теміржол қатынастары қайта іске қосылып елдер арасында 30 күндік визасыз режим қолға алынып жатыр. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы көрсеткіші өткен жылы 44 пайызға өсіп, екі ел басшысы арадағы сауда-саттық көлемін 5 миллиард доллларлық көрсеткішке жеткізуді көздеп отыр.

Осы жиын барысында Қырғызстан республикасының басшысы Сооронбай Жээнбеков «Орталық Азия елдерінің мәселелерін шешу үшін, үшінші біреуді шақырудың қажеті жоқ» деп өз пікірін білдірді, ал өз кезегінде Елбасы Н.Назарбаев диполоматиялық, саяси біліктілігімен «Орталық Азия елдерінің проблемасын шешу үшін басқа адамды шақырудың қажеті жоқ. Өз мәселемізді өзіміз шеше аламыз. Сол үшін жиналып жатырмыз, – деді.

Алайда, осындай Орталық Азиядағы түркі тілдес бауыр халықтардың арасындағы «саяси көктемді» көп көретіндер де бар сықылды. Оған себеп ақпараттық кеңістіктегі орын алып жатқан кей жағдайлар. Мысалы, Өзбекстан тарапынан басталған жылымықты, көрші елдерді салыстыра немесе бәсекелес ретінде көрсете отыра дезинформациялық, бөліп алда басқар саясатының көріністері.

Жақында

жергілікті ақпараттық порталдардың бірінде «Өзбекстан тағы да озды», «Мирзияевтың Өзбекстаны Қазақстаннан озғалы тұр» немесе кешегі сол Қазақстан тарапынан америкалықтарға арналған визасыз режимді сынау арқылы Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасқа от салу секілді оқиғаларды еске алуға болады.

Жоғарыда айтылған ақпараттың біріне сарап жасап көрелік. Біріншіден, аталған жазбалардың барлығы орыс тілінен аударылғандығы жазбай көрініп тұр. Екіншіден, «Өзбекстан тағы да озды» деген мақала келсек, бұл сараптама сымақ жазбада негізгі тірек ол Өзбекстан елінің «Ел дамуының 2017-2021 жылдарға арналған басымды бағыттары бойынша стратегиялық іс-әрекеттерді жүзеге асыру бойынша мемлекеттік бағдарламасы» болып отыр. 2018 жылдың басында қабылданған бұл құжатта негізгі басым бес бағыт қарастырылған, соның ішінде мемлекет қауіпсіздігі мен ұлтаралық келісімді және діни толерантылықты, яғни төзімділікті қамтамасыз етуге арналған бағыт ерекше мән берілген. Аталған тармақ аясында шетелде тұратын және жұмыс істейтін отандастармен өзара қызметтесу бойынша Мемлекеттік саясат тұжырымдасын жасау және жүзеге асыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ экстремистік идеялардың шырмауына ілінген азаматтарды әлеуметтік оңалту және оларды қайтадан үйреншікті әрі салауатты «үйіріне» қосу бойынша шаралар кешенін жүзеге асыру жоспарланған.

Жалпы,

бес түрлі бағыттағы жұмыстарды ұйымдастыруға бағдарлама бойынша 1,3 миллиард доллар бөлінгелі отыр екен. Иә, бұл өте қомақты қаржы, алайда аталған мақалада айтылғандай бұл тек қана экстремизм мен терроризмге қарсы күреске бағытталған ғана қаржы емес.

Бұл осы бағдарламада аталған Өзбекстан мемлекетінің азаматтық қоғам мен мемлекеттік құрылымын дамытуға, сот-құқықтық жүйесін жетілдіруге, белсенді кәсіпкерлік пен экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, елдің әлеуметтік саясаты мен сондай-ақ тағы да мемлекет қауіпсіздігі мен ұлтаралық келісімді және діни толерантылықты дамытуға қарастырылып отырған қаржылық құрал ғана.
https://kaz.365info.kz/sazajyndy-tartkhyzam-mirziyoev-khatty-ketti-264584
Және де осы бесінші тармақтан туындайтын Мирзияевтің тапрсырмасы бойынша маусым айының 30-на дейін дайындалатын концепциялық құжатта, экстремизм мен терроризм баптары бойынша осыған дейін қылмысты болған азаматтардың ісін қайта қарау, яғни 2010 жылғы «қара тізімді» қайта құру да қарастылған. Мәселен, мемлекетке қауіп тудырмайтын, радикалды райынан қайтқан азаматтарды сызып тастау. Ал бұл аталмыш «қара тізімнің» авторы сол кездегі президент Ислам Кәрімов болатын болса, бұл тізім сол 2010 жылдардан бері жаңармаған. Бұл тізімде діни экстремизмнен бөлек, саяси көзқарастары бойынша істі болған азаматтар да бар. Себебі, сол ел тарихындағы саяси кезеңде репрессивті құқықтық құралдар кеңінен пайдалынылған. Жалпы бұл «қара тізімде» 1444 адам, 8 экстремимстік-террористік топтың мүшесі ретінде тіркеуге алынған. Олардың 633 «Өзбекстанның Ислам қозғалысы» ұйымынан, «Хизб ут-Тахрир» террористік ұйымынан 125, «Ислам джихады одағынан» 62, «Нұршылардан» 25, «Таблиғи Жамағат» ұйымынан 4 және «Тәуба» ұйымынан 2 азаматтарынан тұратын тізім.

Бұл «қара тізімдегі» азаматтар, ал ресми деректер бойынша бүгінгі күні Өзбекстан мемлекетінің құқық қорғау органдарының жұмысының арқасында радикалды райынан қайтып отырған 18 мыңнан астам азамат тағы бар, және де ДАИШ-тың құрамында жүрген 10 мыңнан астам шет елдіктің 2 мыңы Өзбекстан азаматы екенін батыстық зерттеушілер бүгінде зерттеп біліп отыр.

Әрине, бүгінгі президент Мирзияевтың ұстанып отырған саясаты мен бағыт – бағдары өте дұрыс, бұл бағдарламада айтылып отырған «кешірімшілдік» саясаты сот-құқықтық жүйесін гуманизациялау процесі болып табылады. Алайда, құқықтық жүйенің батыстық адам құқықтарына негізделген алғышарттарына келетін болсақ, Өзбек елінің көрші Қырғызстан мен Қазақстаннан үйренері көп деп білемін.

Себебі, он жылдан астам оқшаулану саясатын ұстанған мемлекет үшін, әп сәтте халықаралық құқықтық құндылықтар стандарттарын игеріп кетуі тез бола қоятын құбылыс емес. Сондықтан, экстремистер мен террористерін кешіріп жатыр екен, сонысымен озып жатыр деп тұжырым жасау мемлекетшілдік тұрғысынан да, кәсібилік тұрғысынан да өте мардымсыз, бір сөзбен айтқанда дезинформация деп қабылдауға болады.

Негізі Орталық Азия елдерінің тарихи және саяси құндылықтары өте ұқсас болып келеді. Аталмыш діни платформалық құрылымы да бірегей деуге болады. Себебі, бұл мемлекеттердің барлығы жиырмасыншы ғасырдың басына дейін Орталық Азияның Мұсылман елдері ретінде танылған. 1926 жылдан басталған атеистік кеңестік кезеңнен бастап, өз түп-тамырын сақтап қалу ішін күресе келе, өздерінің ұлттық-діни нақыштарын тарихи жадыларында сақтай алған. Посткеңестік тақырыпты зерттеуші ғалымдар бұл елдердің азаматтарын «homo islamo-sovieticus» деп те атайды. Яғни, бұл мемлекеттердің тұрғындарының діндарлық немесе діни иденфикациялану көрсеткіштері де шамалас. Дей тұрғанмен әрбірі өз тәуелсіздіктерін алғаннан кейін, діни саясаттарын әрқилы түзеді. Алайда, қозғалыс басталған меже біреу еді. Осындай бірегей діни динамиканы ескеретін болсақ,

Өзбекстанның озып бара жатқаны да шамалы. Себебі, бүгінгі «қарулы джихад» болып жатқан аймақтардағы Өзбекстан азаматтарының саны екі есе көп,

сол Сирияда жүрген қырғыздың саны 800-ден асса, қазақтардың саны 500-дей ғана, ал өзбектердің саны 2 мыңнан асып жығылады.

Иә, әп дегеннен Өзбекстанның дін мәселесінде тарихи «тариқаттық» мектептерге басымдылық беріп, сырттан келген діни идеологияларға қарсы белсенді жұмыс жүргізгендгін барлығымыз білеміз. Өзбек елінде алауыздықтың деңгейі осы ұстанған саясатының арқасында өте төмен екенін де білеміз.
https://kaz.365info.kz/ozbekstan-1956-zhyly-osyndaj-edi-frantsuz-turisinin-eski-suretteri-283110
Бірақ, өткен жылдың өзіндегі әлемде болған террорлық актілердің ең үлкендерін өзбек ұлтының азаматтары ұйымдастырған. Мәселен, өткен жылғы Нью-Йорктегі террорлық актіні ұйымдастырған Сайфулла Саипов, Стамбулдағы түнгі клубта 39 адамның өмірін қиған Абдулқадир Машарипов, 2017 жылдың сәуірінде Стокгольмдегі террорды ұйымдастырған Рахмат Акилов, Санкт-Петербургтағы метроны жарған Акбарджон Джалилов бұлардың барлығы өзбек азаматтары. «Өзбекстанның Ислам қозғалысы» террористік ұйымы арқылы Әл Каидаға қосылып, Ауғаныстан жерінде «Талибанның» құрамында жүргендері қаншама…

Дегенмен, бүгінгі Өзбекстан мемлекетінің президенті Шафкат Мирзияевтің қабылдап жатқан бағдарламасының жаны бар. Себебі, экстремизм мен терроризмге қарсы күрес тармағында «шет елде тұратын немесе қызмет істейтін отандастармен өзара қатынас орнату» деген жерінде президент барлық мәселе осы жерде екенін түсініп тұр. Жоғарыда аталған өзбек азаматы немесе өзбек ұлтының өкілі болып табылатын адамдардың барлығы еңбек миграциясында жүріп, осындай радикалды діни идеяларға тап болғандар.

Бүгіндері Ресейдің өзінде 3 миллиондай, АҚШ-та 300 мыңнан астам өзбек азаматтары еңбек етуде, Еуропаның Германия, Бельгия сынды елдерінде еңбек миграциясында жүріп террорлық акті ұйымдастырмақшы болған бірнеше өзбек азаматтары сотталып та үлгерді. Әрине, бұл Өзбекстан мемлекетінің бір саяси солқылдақтығынан емес, алайда сыртта жүрген азаматтардың жаңа ортаға бейімделу мәселесі қиын болғандықтан «радикалды рекрутқа» айналуы өте тез, әрі белсенді болуда. Мінекей, бұл бағдарламада осындай Өзбекстан мемлекеті үшін бірегей мәселе болып отырған тақырыптарды шешпекші және бұл көзделіп отырған мақсаттар президент Мирзияевтің батыстық әріптестері алдында беделін арыттырмаса түсірмейтіні анық.

Сондықтан,

бір елді оздырып бірін қалдырып, жасанды ақпараттық бәсекелестік тудырып, алауыздықты қоздырар алдында тақырыпты ашып, анық қанығын зерделеп алған дұрыс секілді.

Шыбын сойса да, қасапшы сойсын дегендей, жазатын болса да кәсіби тақырыпты зерттеуші сарапшының деректі, дәйекті жазғаны дұрыс шығар.

Ал енді, керуеттегі сарапшылардан нақты зерттеулер жасап жатқан мамандардың жиған түйгеніне назар салсақ. «Ғаламдық терроризм индексі» атты жылда шығатын зерттеу жинағына қарайтын болсақ, біріншіден 2000 жылдан бастап шығып жатқан бұл кешенді зерттеу жұмысында әлемнің 120 мемлекетінің арасынан қай елде терроризм қауіпінің қандай деңгейде екендігін және де террористік белсенділіктің көрсеткіші қай шамада екендігін көруге болады.

Бұл зерттеу индексі әлемдік сарапшылардың қауымдастығымен Австралияның Сидней университетінің «Экономика және әлем институтының» (The Institute for Economics and Peace) жанында құрастырылған.

Есептік көрсеткіштері Мэриленд штатының Университеті жанындағы әлемдегі терроризм мен экстремизм жөніндегі статистикалық ақпараттардың ең үлкен базасының негізінде жүргізілген. Бұл ақпараттық базада соңғы он жылдықтағы әлем бойынша болған террорлық актілердің барлық мәліметтері сақталған.

Ғаламдық терроризм индексі, елдің ішіндегі террористік белсенділік деңгейін негізгі төрт өлшем бойынша бағамдайды:

1. Террористік оқиғалардың саны.
2. Өлген адамдардың саны.
3. Зардап шеккендер саны.
4. Келтірілген материалдық залал.

Мінекей, осы зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша Өзбекстан 2016 жылы 117 орында тұрған болса, биыл 2017 жылғы көрсеткіші 130 мемлекеттің ішінен 123 орын болып отыр. Ал, өз кезегінде Қазақстан 67-ші, Тәжікстан – 72, Қырғызстан – 79 ретпен орналасып отыр.

Жоғарыда көрсетілген өлшемдер бойынша өлшейтін болсаңыз,

Қазақстанның 67 орынды иеленуі де заңды, себебі бұл соңғы он жылдық тарихымызда мемлекет территориясында бірнеше зұламат террорлық оқиғалардың болғандығының көрсеткіші.

Яғни, бұл болып қойған террорлық актілердің нәтежиесі бойынша шығарылатын есеп, әрине дінді адам өлтіру деп түсінген осындай оқиғалардың беті аулақ болсын. Ал, Өзбекстанның террористік индексі өте тұрақты, қалыпты көрсеткішке ие, себебі 2000 жылдардан бері бұл мемлекеттің территориясында ешқандай террорлық оқиға фактісі болмаған. Алайда, әлемде шашырап жүрген азаматтығы Өзбекстандық болып табылатын потенциалды террористтердің бар екенін біліп, ұғып отырған және де оның мемлекеттің халықаралық аренадағы келбетіне нұқсан болуы мүмкіндігін ескерген, бүгінгі президент Мирзияев қабылдағалы жатқан бағдарламасында басым бағыт ретінде сыртта, шет елдерде жүрген өзбек ұлтының азаматтарымен ықпалдастықты күшейту керек деп әдейілеп айтып отыр.

Ақты ақ, қараны қара деген күні ғана алға ұмтылыс пен қозғалыс болады. Бұл террордың қауіпі бүгін біздің ғана елімізде ғана емес, керек десеңіз Орталық Азияда ғана емес, бүкіл әлемдік қауымдастықтың күн тәртібінде бірінші болып тұрған, ең дұрыс шешімді қажет ететін басты мәселе.

Сондықтан, терроризм мен экстремизм, діни радикализм сынды дүниелерге қарсы күрес ол бәсекелестін алаң емес, себебі бұл болып жатқан құбылыстар, адамзаттың өміріне қауіп тудырушы факторлар.

Біздің ғасырымыздың бұл қасіреті барлығымызға ортақ қауіп пен қатер. Бұл зұламаттан тек қана бірігіп қорғанып, онымен тек қана бірігіп күресу керек.

Асылбек СНАДИН, дінтанушы

https://kaz.365info.kz/zbek-t-uirleu-zhapondar-aza-a-senbej-me-248064

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз