Әнші Медеу Арынбаев сахнада қан қысымы көтеріліп, өнер көрсетуін үзуге мәжбүр болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Сәлден кейін сахнаға көмекшілері келіп, әншіні қолынан ұстап алып кеткен.
Әншінің арт-директоры Әсет Жұмағазиевтың айтуынша, әртіс “Құс жолы” әнін орындап жатқан кезінде қан қысымы көтеріліп, әлсіреп қалған.
“Бұл жағдай өткен сенбіде болған еді. Сол күні күн ерекше ысып кетті. Медеу ағамыз ән орындау барысында өзін жайсыз сезініп, әлсіреп қалды. Дәрігер шақырып, жарты сағаттай өткенде жағдайы тұрақтанып, кейін сахнаға қайта шығып, көрермен алдында кешірім сұрап, әнін орындап берді”, – дейді әншінің өкілі.