Нұр-Сұлтан
Қазір
-11
Ертең
-8
USD
524
-0.16
EUR
545
-0.85
RUB
5.11
+0.02

Ескендір Сүлейменовтің қазасы: марқұмның анасы мәлімдеме жасады

Астана қаласы Есіл ауданының екінші қалалық сотында белгілі ақын Олжас Сүлейменовтің немересі 27 жастағы Ескендір Сүлейменовтің өліміне қатысты сот процесі жалғасты. Сот отырысының басында зардап шеккен тараптың адвокаты Дамир Сандинов айыпталушыдан 14 миллион 753 мың теңге материалдық шығын өндіріп алуды талап еткен болатын. Отырыстан кейін марқұмның анасы Лейла Сүлейменова журналистердің сұрағына жауап берді.

“Судья бізден материалдық шығынды көрсетуімізді талап етті. Жиенімнің айтуынша, желіде жұрт “олар ұлының өмірін бағалап қойыпты” деген пікірлер жазып жатыр екен. Бірақ бұл олай емес – судья бізді мәжбүрлеп отыр. Солай болуы керек екен”, — деді анасы.

Ескендір Сүлейменовтың өлімі: айыпталушыдан 14 миллион теңге талап етілді

Ол үкімнің әділ болғанын, сотталушының лайықты жаза алғанын қалайтынын айтты.

“Бар болғаны осы. Жол ережесін бұзғаны үшін. Бұл жерде жылдамдықтың қандай қатысы бар? Ол жол ережесін бұзып отыр. Жолдың бос екеніне көз жеткізбей, бұрыла салған”, — деді Лейла Сүлейменова.

Олжас Сүлейменовтің немересін қағып кеткен жүргізуші кім екені белгілі болды (видео)

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз