Алматыда жүк көлігінің жүргізушісі жолда күтпеген жерден пайда болған әйелді қағып кетті. Көп тонналы фура тоқтап үлгермей, зардап шегуші доңғалақтың астында қалып қойған.
Жол апаты күннің екінші жартысында Солтүстік айналма жолы және Победа көшелерінің қиылысында болды.
Фура жүргізушісі тежегішті басу арқылы төтенше жағдайға жол бермеуге тырысқан, алайда автокөлік жаяу жүргіншіні басып өтіп бір-ақ тоқтаған.Әйел оқиға орнында көз жұмды.