Төреғали Төреәлінің соңғы уақытта дау-дамай мен шудың ортасында жүргені өтірік емес. Тіпті, қазір халық танымал әншінің әр басқан қадамын байқайтын сыңайлы.
Осы мәселеге қатысты әнші “Түнгі студия” бағдарламасында жауап берді деп жазады NUR.KZ.
Төреғали соңғы уақытта шудың ортасында жүргеннен шаршағанын айтты. Ол өзінің әрекеттері қалайша жаңалыққа айналып кететінін түсінбейтінін жеткізді.
“Маған мән бермей-ақ қойса екен. “Қит етсе, хит болады” дегендей, күнде азанда тұрғанда бір жаңалық болып жатады. Оны жасаған болып шығасың. Ол, әдетте, бүкіл адам жасап жүрген тірлік. Маған келгенде ол жаңалық болып кетеді”, – деді әнші.
Сондай-ақ, халықтың еркесі секунд сайын сынға ұшырайтынын айтты.
«Қасқырдың аузы…». Төреғали өзін қорғаштаған Мақпал Жүнісоваға жауап қатты
Төреғали Төреәлі осы жетістікке жеткізген Құдай мен ел-жұртының бар екенін де сөз етті.
“Әуелі Құдай, содан соң ел-жұртымыз бар қолдап тұрған. Жақсы десін, жаман десін. Өзегімізден тепсе де, өз еліміз ғой. Елемей, ескерусіз қалғаннан гөрі солай болғаны жақсы”, – деді Төреғали.
«Беташарда көріп қойған». 44 жастағы әйел жас жігітті алдап күйеуге шықпақ болған
Әнші бала кезден кино түсіруді армандағанын да айтып өтті.
Кеше Төреғалидың “Ұлы дала комедиясы” атты киносы көрерменге жол тартты.