Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек өзінің Instagram парақшасында белгісіз біреуге арнап жазба қалдырған.
Көпшілік оны Бақытбек Есентаевтың қарындасы Нағимаға айтылған сөздер ретінде топшылады деп хабарлайды NUR.KZ.
Нағима Есентаеваның ағасына арнап жазған жазбасы желіде қызу талқылануда
Қазақстандық продюсердің тұңғышы Айсәуле өз “үндеуін” былай деп жазған: “Менің ашуымды келтіру үшін көп еңбектеніп, кейде ұзақ жылдар бойы тырысу керек. Мен қаншама уақыт үнсіз отырдым, шыдадым, бірақ енді жетер…
«Халық білсін…». Айсәуле Бақытбек әкесіне қатысты ел көрмеген естелікпен бөлісті (фото)
Айта кетейік, қыркүйек айының соңында Бақытбек Есентаевтың қарындасы
Нағима өзінің желідегі парақшасында ағасына өлең жолдарын арнап, жұрт оған жарыса пікір білдірген еді.
«Нұрмұхаммед, Абдулла…». Бекболат Тілеухан балаларының атын шатастырмай айтып берді (видео)
Енді оқырмандар Айсәуленің сөзі әпкесіне арналды ма, жоқ әлде бұл қате пікір ме деп екі ойда қалып отыр.