Белгілі блогер, Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек әкесіне қатысты естелікпен бөлісіп, желідегі оқырмандарының жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Өзімнің туған күнім қарсаңында бала күнімнен бірнеше сурет жариялайын дедім. Қатты өзгеріппін бе? Бірінші суретте (авт. әкесімен түскен сурет) “куси” жасап тұрмын, ол “күлші” дегенді білдіреді. Суретке түсірмес бұрын маған солай айтатын”, – дейді Айсәуле.
https://kaz.365info.kz/bolmajdy-ajsaule-bakhytbek-tyrmedegi-akesi-turaly-ajtty-311232
Бұл орайда желі қолданушылары Бақытбек Есентаевтың суретін көргенде қуаныш әрі өкініш сезіміне бөленгендерін жазуда.
“Әкеңізбен түскен суретті көріп, жылап қалдым. Сіздердің отбасыларыңызға ешқандай қатысым жоқ негізі. Әкеңізді жақсы көріңіз, көзі барда онымен араласып тұрыңыз. Басымнан өткеннен кейін айтып отырмын. Барлығының осылай аяқталғаны өкінішті. Ал сіз әлі де сондай нәзік әрі сұлусыз”, – дейді Ұлжан Мырқасым есімді оқырман.
https://kaz.365info.kz/ajelderine-ie-bolyndar-ajsaule-bakhytbek-bir-erkekterge-eskertu-zhasady-298594
https://kaz.365info.kz/akemnin-zhokhtygy-zhanyma-batady-ajsaule-bakhytbektin-zhazbasy-zhyrtty-zhylatty-foto-276385
“Есентаев Бақытбек аға ер ғой ол кісі! ШҚО Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылының тумасы,шығыста туған көк бөрі.Ол кісінің осындай жағдайда жүргені жанымызға батады. Аман-есен оралып, жақсы жар кездестіріп шал болғанша бақытты болсын! Әумин”, – деп ақжарма тілегін жеткізді келесі оқырман.
Баян Мақсатқызының тұңғыш қызы желіге өткен оқиғаларын баяндап, жақсы жазбалар жазып тұратындардың қатарынан. Бірақ, соңғы уақыттарда оқырмандар Айсәуленің парақшасынан мұндай жазбалардың жоғалғандығын байқаған. Себебі мынада екен.
Оқырмандарымен бастан өткен қиыншылықтарын бөліскісі келмейтін Айсәуле жазбасын сол себепті тоқтатқан көрінеді. Соңғы уақыттағы қиыншылықтарын оқырмандарына ашып айтып, оқырмандарын жылатып та алыпты.
«Менің өмірімде ең бір қиын күндер болды, негативтер, мен ондай сәттерімді желіде бөліскім келмеді… Себебі ол барлық жерде болды… Отбасымда, жеке өмірімде, қоршаған ортам және ең көбі менің өзімде. Маған жиі айып тағылатындықтан сіздердің «сынға» көп жылдар бойы иммунитетім қалыптасып қалды және сол кезде мен алғаш рет өзімді сүймейтінімді, білмейтінімді сезіндім. Осы уақыттар аралығында мен өзімді құрдымға жіберіп келдім, кейіннен өз әрекетімді саралап, қорытынды шығардым, өзгердім және есейдім», — дейді ол.
https://kaz.365info.kz/ajelderine-ie-bolyndar-ajsaule-bakhytbek-bir-erkekterge-eskertu-zhasady-298594
Айсәуле Бақытбек соңғы бір жыл ішінде өмірінде түрлі қиыншылықтың орын алып, отбасылық үстелдің бір орны бос қалғанын айтты.
«Иә, ешқашан қайталанбайтын және біржола жадымнан өшіріп тастағым келетін сәттер жиналып қалды. Орындалмаған армандарым, ұмытылмайтын өкпе мен отбасы үстелінде бос орын қалды. Бірақ мен ең қараңғы түн жарқыраған таңның алдында болатынына сенемін. Мен тіпті жаңа шыққан күн шапағының жанымды жылытатынын сеземін»,-дейді ол.
Жазбаны оқыған Айсәуленің оқырмандары көңілдері біраз босап кеткенін де жасырған жоқ. Тіпті, Айсәулеге ақ тілек пен жылы лебіздер жолдағандар саны көп болды.
https://kaz.365info.kz/ajs-ule-ba-ytbek-kem-birneshe-ajdan-beri-anamnan-keshirim-s-rap-zh-r-223854