Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-1
USD
488
0.00
EUR
533
0.00
RUB
5.09
0.00

“Нұрмұхаммед, Абдулла…”. Бекболат Тілеухан балаларының атын шатастырмай айтып берді (видео)

711

https://kaz.365info.kz/khaj-ajeli-bekbolat-yshin-zhelide-dau-tudy-video-303794

Бұл туралы қоғам қайраткері Ұлттық арнаның “Түнгі студия” бағдарламасында айтты.

“Біз асыраймыз деп ойлаймыз. Бірақ баланы асырамақ түгілі, қара басыңды алып жүріп ал. Құдай бермесе, кешке жейтін тамағыңды да таба алмай қаласың.

Қазақ айтады, бір қозы туса, жусанның басы айыр шығады дейді. Ол – бір. Екіншіден, әке-шешем 1943 жылы үйленіпті. Соғыс кезі, той да жасамаған. Қойдың сүр саны мен бидайды қуырып, елге таратып берді.

Елдің батасын алды. Шешем 14 құрсақ көтеріпті, соның 10-ы бертінге дейін тірі болды. Сонда ешбірімізге де пәтер не көлік алып берген жоқ.

Олар бізге жақсылап тәрбие берді. Бізге балық емес, қолымызға қармақ берді. Сол сияқты балалардың тәрбиесі жақсы болса, Алла қабілет берсе, дендері сау болса, ең басты нәрсе – сен тәрбие бересің.

«Не деген адамсыңдар!». Бекболат Тілеухан өзін сынағандарға сөйлеп тастады (видео)

Өмірде жетістікке жетіп жатқан адамдарға қарасаңыз, ешқайсысын әке-шешесі жетектеп топқа қосқан жоқ. Алла Тағала санасына береді. Сондықтан ол нәрседен қорқуға болмайды.

Шешемнің қалдырған өсиеті, әкемнің көрсеткен үлгісі осы. Осынша кең далаға сиыр жаймаймыз, адаммен толтыру керек. Қаланың жағдайында мүмкіндігіміз осы болып, 14-пен шектеліп қалдық”, – дейді ол.

«Сасытып…» Той үстінде келінді сынаған асабаның өзі сынға ұшырады (видео)

Бекболат Тілеухан 14 баласының есімдерін шатастырмайтынына сенімді. Тіпті, әр перзентінің дүниеге келген күні мен уақытын нақты айтып бере алады екен.

Алайда тіл мен көзден сақтанатын ол осы уақытқа дейін перзенттерін көрсетпек түгілі, есімдерін ешкімге айтпапты.

Бұл жолы белгілі әнші балаларының есімдерін жария етті: Нұрмұхаммед, Нұрдаулет, Зейнеп, Ажар, Дәнел, Медина, Сафия, Жамал, Абулхамит, Абдулла, Әбдірахман, Ахмет, Әбдісабыр, Махмұт.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз