Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
9
USD
443
+0.61
EUR
475
+1.05
RUB
4.74
-0.01

Әуежайда болған жағдайға байланысты Төреғали Төреәліге айыппұл салынды

111

https://kaz.365info.kz/odan-kytpedik-toregalidyn-auezhajdagy-arketine-khatysty-keden-basshylygy-tysinikteme-berdi-334988

“Қылмыстық істі тергеу барысында Төреғали Төреәлінің әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық анықталмады. Сондықтан 16 қазанда Желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлері Әкімшілік кодекстің 2 бабы бойынша әкімшілік іс қозғады: 513-баптың 1-бөлігі (“ҚР Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерінде режимдi бұзу”) және 564-баптың 4-бөлігі бойынша (“Әуежайлардың (аэровокзалдардан басқа), әуеайлақтардың, ұшуды радиомен және жарықпен қамтамасыз ету объектілерінің аумағы бойынша тиісті рұқсатсыз жүріп өту немесе көлікпен өту”)”, – деп хабарлады Көліктегі ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, сол күні ереже бұзушыға Мемлекеттiк шекарадан өту пунктінде режим бұзғаны үшін 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде және әуежай аумағында рұқсатсыз жүргені үшін 1 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Төреғалиды ұшақ бортына өткізіп жіберген қызметкерлер айыппұл төлейді

“Әкімшілік айыппұлды 7 тәулік ішінде төлемеген жағдайда Қазақстан заңдарына сәйкес, қатаң жазалар тағайындалады”, – деп ескертті көліктегі ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, мұның алдында Төреғали Төреәлімен болған жағдайдан кейін әуежай қызметкерлерінің жазаланғаны хабарланған болатын. Алматы халықаралық әуежайы Авиациялық қауіпсіздік комитеті тексеру бөлімшелерінің инспекторлары Ринат Рахымгереев, Абылай Қырғызбаев пен Шолпан Закирова ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 570-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың әрқайсы 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (48 100 теңге) айыппұл төлеуге міндеттелген еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз