2018 жылдың 14 қыркүйек күні әнші Төреғали Төреәлінің әуежайдың бақылау аймағына және “Эйр Астана” әуе кемесінің Алматы – Гонконг рейсіне ұшқалы тұрған бортына өтіп кетуіне байланысты Қазақстан Азаматтық авиациясы комитеті жоспардан тыс инспекциялық тексеру жүргізді.
Нәтижесінде әншінің заңсыз өтіп кетуіне рұқсат еткен қызметкерлер айыппұл төлеген деп хабарлайды NUR.KZ.
3. Закирова Шолпан Бекетовна – “Алматы халықаралық әуежайы” АҚ авиациялық қауіпсіздік қызметінің бөлім инспекторына 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды (48 100 теңге);
4. Абдурахипова Карина Рафаильевна – “Эйр Астана” АҚ әуе компаниясының жолаушыларға қызмет көрсету агентіне 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды (48 100 теңге);
Авиациялық қауіпсіздік шараларын бұзуды болдырмау мақсатында Азаматтық авиация комитетінің инспекторлары қауіпсіздік қызметінің басшылығы мен қызметкерлеріне әуежайдағы өткізу және нысанішілік режимі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Комитет өз жұмысында заң бұзушылықтарға төзбеу қағидасын ұстанады және алдағы уақытта мұндай келеңсіз жағдайларға жол берілмейді деп есептейді.
Естеріңізге сала кетейік, “Эйр Астана” ұшағының VIP-залына билетсіз кірген Төреғали Төреәлінің басы дауға қалған болатын. Осыдан кейін Азаматтық авиация әншінің әрекетіне қатысты пікір білдірген еді.
Ал күні кеше Кеден қызметі ұшаққа билетсіз өткен Төреғалиға қатысты пікір білдіріп, өздерінің тарапынан қателік кеткенін мойындаған болатын.