Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-8
USD
523
-2.03
EUR
549
-1.55
RUB
5.07
-0.02

“Бітірді ғой…”. Сарапшы банктерге бөлінген 300 млрд теңге зейнетақы ақшасына қатысты сұмдықты айтты

636

Өз сұқбатында БЖЗҚ-ның мүшкіл халін маман былайша суреттейді:

– Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ-ның) ақшасы дефолт болайын деп тұрған, яғни бюджет тапшылығына ұрынған банктердің тәуекелі өте жоғары құнды қағаздарына салынуда.

5 жыл болды, жыл сайын зейнетақы жинағы есебінен зейнетақы алатын адамдар қатары көбейіп келеді. Егер осыған дейінгі 15 жыл ішінде БЖЗҚ салымдарды жинап, ақшаны толықтырумен айналысса, ал соңғы 5 жылда зейнетақы беруге қаржы жұмсауда.

«Біз біттік…». Танымал қаржыгер Қазақстанды не күтіп тұрғанын ашық айтты (фото)

Жыл сайынғы басты активтің 30 процентінен астамы осы мақсатқа жұмсалады, ал жаңадан салым салушылардың қатары сиремесе көбейген емес. Бұл күйімізбен жүре берсек, алдағы 5 жылда БЖЗҚ-ның салымшылар алдындағы төлем қабілеті жойылып тынады.

Ал Үкімет неге банктерді қаржыландыруға мәжбүр дегенге келетін болсақ, соңғы кездері мынандай тенденция жиілеп кетті. Мәселен, монополия жағдайында және банк секторының жалпы табысының төмендеуі салдарынан олар ел ішіндегі депозиттегі ақшаларға тәуелді боп қалды.

Демек, бір банктен ел депозиттерін жаппай шешіп ала бастаса, оған Үкімет көмекке келуге мәжбүр. Көмектеспесе ол банкрот болады. Жалпы, ол жайт банк жүйесінің күйреуіне әкеп соғуы ықтимал.

Үкімет, негізінен, оң қалтадағы ақшасын сол қалтасына ауыстырып салып отыр. Яғни, БЖЗҚ-ның ақшасына банктердің құнды қағаздарын сатып алу арқылы арасынан Үкімет өзі пайда көріп отыр. Бұрын шетелден ақша алатын банктер. Қазір ондай жоқ. Қазақ банктеріне ешкім сенбейді. Әлем инвесторларына ескерту жасалып қойған солай деп.

«Қуып жіберген…». Бұғатталған 22 млрд долларға қатысты шындықтың беті ашылды

Сондықтан олар қазір іштегі ақшаға зәру боп қап отыр.

Бірақ,

Үкімет айтқандай, банктер ел экономикасының нақты секторына айтарлықтай үлес қосып жатқан жоқ. Өкінішке қарай, тәуелсіздік алғалы бергі 28 жыл ішіндегі көрсеткіштерге көз жүгіртсек, банктің ел экономикасын дамытуға үлес қосқанын байқамайсыз, керісінше Үкіметтің мойнына мініп алған арамтамақтарды көруге болады одан.

Біздің Doing Business рейтингісінде, яғни бизнесті қаржыландыру жағынан көрсеткішіміз жәйлап-жәйлап төмендеп барады. Банк секторының саясаты нақты сектор мен шағын бизнестің дамуын тежеп тастады. Ұлттық валюта бағамы тұрақсыз. Үнемі құлдырап кете береді. Мұны да банктер жасап отыр. Ел экономикасы халықтың сатып алу қабілетіне өте тәуелді боп қалды. Корпоративтік сектор талқандалды десе де болады. Әр саладағы оның үлесі 5 процентке дейін төмендеген. Егер осыған дейін банк секторы проценттен табыс тапса, енді кассалық-есепайырысу қызметінің табысына қарап қалған.

«Олар аш…». Досым Сәтпаев биліктегі ауыс-түйістің үлкен зиянын айтты

Ел де бұрынғыдай депозитте көп ақша ұстай бермейді.

Халық кедейлене түскен. Қазір адамдар киетін киімі мен жейтін тамағын кредитке алатын күнге жеткен. Бұл ұлттың бақ-қуатты өмір сүруін қамтамасыз ете алмайтын жағдайға жету емей немене?..

Осы жағынан алғанда, қаржы секторын сауықтыру халық үшін де, бизнес үшін де өте тиімсіз.

Дайындаған: Кәмшат Сатиева

«Енді қарыз сұрамайды». Ақышев банктердің жұмысы ретке келетінін айтты

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз