Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Енді қарыз сұрамайды”. Ақышев банктердің жұмысы ретке келетінін айтты

1 қаңтардан бастап, банктердің қызметін қадағалау тәуекелдік-бағдарлық сипат алатын болады. Бұл дегеніңіз, Ұлттық банк уәждемелі пайымды пайдаланады дегенді білдіреді. Яғни, сарапшылар банкте тәуекелділік бар екенін дәлелдесе, Ұлттық банк сол мезетте шаралар қолдана бастайды. Тіпті, қаржы мекемесінің ахуалы сырт көзге қалыпты көрінсе де. Бұл банктердегі қиындықтардың алдын алуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, ушыққан қаржылық жағдайды реттеудің қажеті болмайды.

Уәждемелі пайым банк акционерлері мен басқарушылары арасындағы келісім, банк резервтерінің жеткіліктілігін бағалау, банкпен аса тығыз байланыстағы тұлғаларды анықтау және банктің ішкі жүйесіндегі тәуекелдерді бағалау аясында пайдаланылады.

Ақышев осыған орай қаржы реттеушісінің қосымша өкілеттіктерге ие болмайтынын ерекше атап өтті. Шындап келгенде, Ұлттық банктің қаржы ұйымдарының қызметін қадағалау жөніндегі құралдары неғұрлым тиімді жүйеге топтастырылады және осы құралдарды пайдалануға негіз беретін себептерді ретке келтіреді.

Қадағалаудың тәуекелдік-бағдарлық сипатын енгізу бұрындары банк секторында орын алған келеңсіздіктер келмеске кетеді деп, күтілуде. Банк клиенттерінің қаржысы қорғау күшейе түседі.

Данияр Ақышев

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз