«Кәрі түйе ойнақтаса жұт болады» деуші еді, дана қазақ. Дәл айтқан. Менің басымдағы жағдай. Жасым біразға келгенде ойнақтап жүремін деп от бастым. Жас қызға көз салдым.
Дуаланып қалдым ба, білмеймін, ол қызсыз тұра алмайтын халге жеттім. Ақыры
20 жыл отасқан әйелімді, балаларымды тастап, өзімнен 15 жас кіші әлгі қызға үйленіп тындым.
«Сүйгеніме қосылдым. Мен бақыттымын» деп ойлағанмын. Бәрі бекер екен. Кеш білдім. Әу деп ол қызбен шаңырақ құрған кезде-ақ, інілерім «мынау аз сөйлеп, көп тыңдайды екен. Үндемегеннен үйдей пәле шығады деген. Ертең басыңа шығып, айдауына көндірмесін.
Найманның қыздары өте қу, сұм келеді. Үндемей отырып дегенін істетеді.
Ана бірінші әйелің Адайдың қызы еді. Жігерлі, ашық еді мінезі. Ішіне жасырмай бәрін бетке айтатын. Сонысымен адал еді. Ал мына найманның қызы, сығырайып өтірік күлгені болмаса, іші толған арамдық секілді», деп еді.
Баяғыда бірге жұмыс істейтін Төреғали деген досым: «түнде әйелім сасымай ары жатшы, деп бүйірімнен шынтақпен ұрып, төсектен итеріп құлатып жіберетін. Онымен қоймай теріс қарап күрсініп жатып алады. Шамасы бір иіс-су себініп жүретін интелегент жігіт тауып алған-ау», деп мұңайып отырушы еді.
Оның айтқандарына қарқылдап күлуші едім.
«Күлме досқа, келер басқа» деуші еді, қазір сол жағдай менім басымда.
«Екі қатын ойран деген…». Қазіргі тоқалдарға ақша-дүние ғана керек
«Басқа бай табылады» деген сөзінен күдіктеніп жүрмін. Бәлкім кездесіп, «демалып» та жүр ме екен. Кім білсін?
Әйтеуір таң атпай мектепке кетеді. Кешке сүрініп үйге келеді. Не істеп келгенін кім білсін. Әлде, барлық мұғалімдер сондай ма екен. Қайдам.
Шынымды айтсам, қазір әйелімнен әбден жеріп кеттім. Баяғы алып-ұшқан сезім жоқ.
«Өмірді қойшы, өтер де кетер өкінтіп, сезімді қайтем, сезімді қайтем, тулаған», деп кезінде бір ақын жырлапты ғой.
Бірақ менде қазір тулаған сезім жоқ, тек өткенге өкініш бар. Кетіп қалсам ба деп ойлаймын.
Тек ортадағы жалғыз бала ғана қолбайлау болып тұр. Кетуін кетем ғой, бірақ мына қатын ертең басқа байға тиеді делік, бірақ ол жігіт менің балама әке болып жарата ма? Мәселе сонда. Қинайтыны осы.
Бірақ бәрбір кету керек сияқты. Өйткені үйде отбасылық жылу жоқ, шай-тамағымызды көбіне жеке-жеке отырып, ішеміз, төсекте де баяғыдай жылу жоқ. Ал мұндай жағдайда қалған өмірімізді бірге өткізу мүмкін бе? Білмеймін.
Басым жетпей жүр. Әлде бұрынғы әйеліме «кешір, мен қателесіппін» деп қайтып барсам ба екен?
Шалқар Е. (жылап отырып жаздым, бауырым, өмір қиын екен…)
Жомарт ақымақ жігіт. ВК-да жас қыздармен танысам деп шаңырағын шайқалтып алды