Журналист Өміржан Әбдіхалықұлы көптен бері ойланып жүрген сияқты. Ұққысы келеді, біздің қоғамның талай жылдан бері неге өзгермейтінін.
Биліктен бұрын, бәленің бәрі өзімізден сияқты екен:
“Біздің азаматтық қоғамның тым баяу болса да белсенділігі өскенімен, күрескер табандылығы жоқ: істі, талапты соңына дейін жеткізуге күші жетпейді.
Ең қызығы,
азаматтық қоғам да билік секілді әркез өзін ақтауға, ақталуға даяр тұрады.
Өз лидерлерін шығаруға, оны мадақтап, көтермелеп хан көтеру ойы да қылаң береді. Ал лидерлері нақты ұстанымды басшылыққа алып, айқын бағытпен емес, көптің ішіне тығылып, тек даусын зорайтып қана жүргісі келеді. Яғни,
біздің азаматтық қоғам да жүйенің көлеңкесі секілді. Біз, бәріміз, қазіргі жүйенің кішкентай бөлшектеріміз.
Күнделікті соған қызмет етіп жатырмыз. Әрине, мойындағымыз жоқ.
Біздің өзгерісті жасай алмайтынымыз да содан. Өзгеріс тілде бар, істе жоқ.
Солай”,
деп жазыпты ол өзінің парақшасында.