Алматыда полицейлер бір ай бұрын Ақтөбеде іс-түссіз жоғалып кеткен балабақшаның тәрбиешісін тапты, – деп хабарлайды “Диапазон”.
24 жастағы егіздің анасы 28 тамыз күні еш хабарсыз жоғалып кеткен. Сол күні келіншек жұмысқа келіп, екінші тәрбиешіні балалармен бір сағатқа отыра тұруын сұрап, өзі белгісіз бағытқа кетіп қалған. Жұмыста да, үйінде де көрінбеген ақтөбелікті іздеуге салған.
“Іздестіру іс-шаралары барысында Ақтөбе облысының ІІД қызметкерлері іс-түссіз жоғалып кеткен 1994 жылғы Мұқанбетжанова Айдана Сандыбекқызын Алматыда тауып алған”, – деп хабарлады ІІД өкілдері.