Нұр-Сұлтан
Қазір
-10
Ертең
-8
USD
524
0.00
EUR
545
0.00
RUB
5.11
0.00

“Жатқызып істеді”. Түркістанда 13 жасар баланы құрдастары зорлаған (видео)

3041

Айқайладым, ешкім естімеді. Коридорға шығып айқайлайын деп едім, ұрып тастады. Айтатын болсаң, быт-шытыңды шығарам деді кейін. Содан айтпай жүрдім”, деді жәбірленуші.

«Азғыратын бопты». 16 жас кіші әйел алған соң Абай Бегеймен қызы сөйлеспей қойған

Ал азғындар өзінің ауылдастары екен. Шайхана ауылында 11 жылдық мектеп болмаған соң, Жылға ауылындағы мектеп-интернатта бірге жатып оқып жүрген. «Зорлады» дегендердің бірі -13-те, ал екіншісі – 15 жастағы ағалы-інілілер екен. Анасының айтуынша, олардың туыстары да, мектеп басшылығы да «шу шығармайық» деп ақша ұсынған көрінеді.

“Ойбай,  ауылдаспыз ғой, көршілеспіз, ұят болады деді   интернаттың меңгерушісі мен  мектеп директоры. «Қанша берейік? Осы істі жаба салайық? Бәріміз қазақпыз ғой? Неменеге жан-жаққа жаясың? Жайма!» дейді. Менің баламның өмірі ғой деп ұрыстым оларға”, деді баланың анасы.

Ал зорлық-зомбылық былтыр қыркүйектен басталған көрінеді. Сонда бала бірден тәрбиеші ағайына айтқан. Алайда оны біз іздеп таба алмадық. Сөйтсек, ол осы айдың 10-ы күні полицияға арыз түссе, 13-і күні жұмыстан кетіп қалған екен. Ал мектеп басшылығы ұлдарды емес, оқиғаны ушықтырмауды ойлап отыр.

Шымкентте камераға түсіп қалған педофил жайлы жаңа мәлімет шықты

“Жан жақты зерделеу жұмыстарын жүргізіп жатырмын. Ондай жағдай болу мүмкін емес деп  бір бөлмеде жатқан оқушылардың өздері айтып жатыр.  Ата-анасымен сөйлестік. Бітімгершілікке шақырдық. Екі жақты табыстыруға бір әрекет жасап көрдік. Бұл іспен қазір полиция айналысып жатыр”, деді №12 Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің директоры.

Сорақысы сол, жасөспірімнің айтқанына қарамастан тәрбиешісі биыл да ұлдарды бірге жатқызыпты. Осы қорлықтан соң бала үлкен дәретін ұстай алмай қалған. Оны тексерген алматылық дәрігерлер тік ішегінде жарақат барын айтыпты. Ал тыр-жалаңаш суреті оқушылар арасында тарап кеткен жасөспірімнің өзі мектепке енді мүлде барғысы жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз